Ескелді ауданы бойынша пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін жоғарылату туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Ескелді аудандық мәслихатының 2020 жылғы 20 қарашадағы № 75-415 шешімі. Алматы облысы Әділет департаментінде 2020 жылы 30 қарашада № 5787 болып тіркелді. Күші жойылды - Жетісу облысы Ескелді аудандық мәслихатының 2024 жылғы 11 шілдедегі № 31-97 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Жетісу облысы Ескелді аудандық мәслихатының 11.07.2024 № 31-97 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 509-бабының 5-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағына сәйкес, Ескелді аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ескелді ауданы бойынша Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес, пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелері он есеге жоғарылатылсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың "Жер мәселелері, ауыл шаруашылығы және табиғатты қорғау жұмыстарын қамтитын" тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ескелді аудандық мәслихаты сессиясының төрағасы С. Сарыев
      Ескелді аудандық мәслихатының хатшысы К. Алпысбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады