Қарасай аудандық мәслихатының 2018 жылғы 27 желтоқсандағы "Қарасай ауданы бойынша бірыңғай тіркелген салықтың мөлшерлемелерін белгілеу туралы" № 38-4 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Алматы облысы Қарасай аудандық мәслихатының 2020 жылғы 20 сәуірдегі № 54-6 шешімі. Алматы облысы Әділет департаментінде 2020 жылы 24 сәуірде № 5496 болып тіркелді

      Ескерту. 01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі - осы шешімнің 3-тармағымен.

      "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Қарасай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қарасай аудандық мәслихатының "Қарасай ауданы бойынша бірыңғай тіркелген салықтың мөлшерлемелерін белгілеу туралы" 2018 жылғы 27 желтоқсандағы № 38-4 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4990 тіркелген, 2019 жылдың 22 қаңтарында Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихат аппаратының басшысы К. Абильбековке жүктелсін.

      3. Осы шешім 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

      Қарасай аудандық мәслихатының сессия төрағасы Ж. Донбаев
      Қарасай аудандық мәслихатының хатшысы А. Кошкимбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады