Ескерту. Шешімнің атауы жаңа редакцияда – Алматы облысы Қарасай аудандық мәслихатының 12.11.2021 № 12-4 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 4-тармағына сәйкес, Қарасай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қарасай ауданында азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандарға, сондай-ақ жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік ұйымдарда жұмыс істейтін аталған мамандарға қызметтің осы түрлерімен қалалық жағдайда айналысатын мамандардың мөлшерлемелерімен салыстырғанда жиырма бес пайызға жоғарылатылған айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелер белгіленсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – Алматы облысы Қарасай аудандық мәслихатының 12.11.2021 № 12-4 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).2. Қарасай аудандық мәслихатының "Қарасай ауданының азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық елдi мекендерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт, ветеринария, орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мамандарға, сондай-ақ жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік ұйымдарда жұмыс істейтін аталған мамандарға жиырма бес пайызға жоғарылатылған айлықақылар мен тарифтiк мөлшерлемелер белгілеу туралы" 2020 жылғы 3 наурызындағы № 52-4 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5435 тіркелген, 2020 жылдың 11 наурызында Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың "Экономика, бюджет, жұмыспен қамту, кәсіпкерлік пен әлеуметтік инфрақұрылымдарды дамыту жөніндегі" тұрақты комиссиясына жүктелсін.
4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қарасай аудандық мәслихатының сессия төрағасы | К. Баяманов |
Қарасай аудандық мәслихат хатшысының міндетін атқарушы | А. Исаева |