Қарасай аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Қарасай аудандық мәслихатының "Қарасай ауданында азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт саласындағы мамандарға жиырма бес пайызға жоғарылатылған айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелер белгілеу туралы" 2020 жылғы 28 қыркүйектегі № 59-5 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5688 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
атауы жаңа редакцияда жазылсын:
"Қарасай ауданында азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандарға жиырма бес пайызға жоғарылатылған айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелер белгілеу туралы";
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"1. Қарасай ауданында азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандарға, сондай-ақ жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік ұйымдарда жұмыс істейтін аталған мамандарға қызметтің осы түрлерімен қалалық жағдайда айналысатын мамандардың мөлшерлемелерімен салыстырғанда жиырма бес пайызға жоғарылатылған айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелер белгіленсін.".
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қарасай аудандық мәслихатының хатшысы | Б. Айнабеков |