"Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Кербұлақ аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Кербұлақ аудандық мәслихатының "Кербұлақ аудандық мәслихаты аппаратының қызметтік куәлігін беру Қағидаларын және оның сипаттамасын бекіту туралы" 2016 жылғы 27 қазандағы № 09-56 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4028 тіркелген, 2016 жылдың 23 желтоқсанында "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешімнің орындауын бақылау Кербұлақ аудандық мәслихаты аппаратының басшысы Ракимбекова Гулмира Абдигалиевнаға жүктелсін.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Кербұлақ аудандық мәслихатының | |
сессия төрағасы | Ж. Жумажанов |
Кербұлақ аудандық мәслихатының | |
хатшысы | Б. Рысбеков |