Бесағаш ауылдық округінің Бесағаш ауылындағы жаңа көшелерге атаулар беру туралы

Жаңа

Алматы облысы Талғар ауданы Бесағаш ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 29 мамырдағы № 4 шешімі. Алматы облысы Әділет департаментінде 2020 жылы 3 маусымда № 5532 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Бесағаш ауылдық округінің Бесағаш ауылы халқының пікірін ескере отырып және Алматы облысының ономастикалық комиссиясының 2019 жылғы 8 қазандағы қорытындысы негізінде, Талғар ауданы Бесағаш ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Бесағаш ауылдық округінің Бесағаш ауылындағы жаңа көшелерге келесі атаулар берілсін:

      1) шығыс бөлігінде орналасқан бірінші көшеге "Ұлы Дала", екінші көшеге "Мәңгілік Ел", үшінші көшеге "Ұлытау", төртінші көшеге "Орбұлақ", бесінші көшеге "Алаш", алтыншы көшеге "Тарбағатай", жетінші көшеге "Жерұйық", сегізінші көшеге "Медеу", тоғызыншы көшеге "Аңырақай", оныншы көшеге "Күлтегін", он бірінші көшеге "Бейбарыс Сұлтан", он екінші көшеге "Сырым батыр", он үшінші көшеге "Исатай батыр", он төртінші көшеге "Алпамыс батыр", он бесінші көшеге "Үкілі Ыбырай", он алтыншы көшеге "Әбілхан Қастеев";

      2) солтүстік-батыс бөлігінде орналасқан бірінші көшеге "Халифа Алтай", екінші көшеге "Мұстафа Шоқай";

      3) оңтүстік бөлігінде орналасқан он екінші көшеге "Ағыбай батыр", он үшінші көшеге "Тұран", он төртінші көшеге "Қарқаралы", он бесінші көшеге "Сайрам", он алтыншы көшеге "Торғай", он жетінші көшеге "Майқы би", он сегізінші көшеге "Күйші Дәулеткерей";

      4) солтүстік бөлігінде орналасқан бірінші көшеге "Естай";

      5) батыс бөлігінде орналасқан бірінші көшеге "Жүсіпбек Аймауытұлы", екінші көшеге "Сұлтанмахмұт Торайғыров", үшінші көшеге "Бейімбет Майлин", төртінші көшеге "Сабыр Рахимов", бесінші көшеге "Талғат Бигелдинов", алтыншы көшеге "Қасым Қайсенов", жетінші көшеге "Сағадат Нұрмағанбетов", сегізінші көшеге "Рақымжан Қошқарбаев", тоғызыншы көшеге "Дәнеш Рақышев".

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Бесағаш ауылдық округі әкімінің орынбасары М. Джамашеваға жүктелсін.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Талғар ауданы Бесағаш ауылдық
      округінің әкімі М. Арынбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады