Ауылшаруашылық өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялауды бекіту туралы

Күшін жойған

Шымкент қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 7 сәуірдегі № 207 қаулысы. Шымкент қаласының Әділет департаментінде 2020 жылғы 8 сәуірде № 95 болып тіркелді. Күші жойылды - Шымкент қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 5 сәуірдегі № 210 қаулысымен

      Ескерту. Күшi жойылды - Шымкент қаласы әкiмдігінің 05.04.2021 № 210 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 7-бабы 2-тармағының 12-7) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 26 қарашадағы № 3-2/615 "Өңдеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10087 болып тіркелген), Шымкент қаласының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Ауылшаруашылық өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. "Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулыны Шымкент қаласының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап оның көшірмесін Шымкент қаласы аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарына ресми жариялауға жолданылуын;

      3) осы қаулыны оны ресми жарияланғаннан кейін Шымкент қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Шымкент қаласы әкімінің орынбасары М.Исаховқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      қала әкімі М. Айтенов

  Шымкент қаласы әкімдігінің
2020 жылғы "7" сәуірдегі
№ 207 қаулысына қосымша

Ауыл шаруашылығы өнімін тереңдете қайта өңдеу өнімдерін өндіру үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау

Ауыл шаруашылығы өнімінің атауы

Тереңдете өңделген өнімдердің атауы

Шикізатқа қайта есептелген субсидиялар нормативтері, (теңге/литр, килограмм)

Сүт

Сары май

18

Сүт

Қатты ірімшік

28


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады