"Жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы және "Жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы" Шымкент қалалық мәслихатының 2016 жылғы 17 наурыздағы № 58/450-5с шешімінің күшін жою туралы" Шымкент қаласы мәслихатының 2019 жылғы 11 желтоқсандағы № 58/508-6с шешiмiне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Шымкент қаласы мәслихатының 2020 жылғы 3 сәуірдегі № 63/555-6с шешiмi. Шымкент қаласының Әділет департаментінде 2020 жылғы 10 сәуірде № 97 болып тіркелді. Күші жойылды - Шымкент қаласы мәслихатының 2020 жылғы 22 маусымдағы № 67/598-6с шешiмiмен

      Ескерту. Күшi жойылды – Шымкент қаласы мәслихатының 22.06.2020 № 67/598-6с шешiмiмен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізудің тәртібі туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы Заңының 10-бабына сәйкес, Шымкент қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы және "Жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы" Шымкент қалалық мәслихатының 2016 жылғы 17 наурыздағы № 58/450-5с шешімінің күшін жою туралы" Шымкент қаласы мәслихатының 2019 жылғы 11 желтоқсандағы № 58/508-6с (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 78 болып тіркелген, 2019 жылғы 23 желтоқсанда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      7-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Жиналыс, митинг, шеру, пикет немесе демонстрация өткiзу туралы өтiнiш берілген кезде осы Тәртіптің 4 және 5-тармақтарының талаптары сақталмаған жағдайда Шымкент қаласының әкімдігі жіберілген кемшіліктерді жоюды түсіндіре отырып, ресми жауап береді. Жаңа өтінішті қарастыру мерзімі оның түскен сәтінен бастап есептеледі.";

      мынадай мазмұндағы 7-1-тармағымен толықтырылсын:

      "7-1. "Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңының 12-бабына сәйкес, өтініш иесі қабылданған шешіммен келіспеген жағдайда, жоғары тұрған органға немесе сот органдарына жүгінуге құқылы.";

      19-тармақтын 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) өткізу тәртібі бұзылса, осы Тәртіптің 11, 13 және 14-тармақтарының талаптары сақталмаса, сондай-ақ азаматтардың өмірі мен денсаулығына қауіп төнетін, қоғамдық тәртіп бұзылатын жағдайда.".

      2. "Шымкент қаласы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімді Шымкент қаласының Әділет департаментіне мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы шешімді мемлекеттік тіркелген күнінен бастап оның көшірмесін Шымкент қаласы аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жолдануын;

      3) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Шымкент қаласы мәслихатының интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Шымкент қаласы
      мәслихаты сессиясының төрағасы Р. Бектурганов
      Шымкент қаласы
      мәслихатының хатшысы Г. Ташкараев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады