"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабы 1-тармағы 18) тармақшасына және "Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 26 желтоқсандағы Заңының 21-бабына сәйкес Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса берілген Шымкент қаласының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімі бекітілсін.
2. "Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулыны Шымкент қаласының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін ресми жариялау үшін Шымкент қаласында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарына жіберілуін;
3) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Шымкент қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Шымкент қаласы әкімінің орынбасары А. Мамытбековке жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Шымкент қаласының әкімі | М. Айтенов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрлігі
2020 жылғы "___"___________
Шымкент қаласы әкімдігінің 2020 жылғы "2" маусымдағы № 319 қаулысымен бекітілген |
Шымкент қаласының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімі
р/с |
Ескерткіштің | Ескерткіштің түрі |
Ескерткіштің |
1 |
Металлургтар сарайы |
қала құрылысы |
Абай ауданы |
2 |
Тұрғын үй |
қала құрылысы |
Әл-Фараби ауданы |
3 |
Никольский шіркеуі |
қала құрылысы |
Әл-Фараби ауданы |
4 |
Мектеп | қала құрылысы және сәулет |
Абай ауданы |
5 |
Шымкент қалашығы | археология |
Әл-Фараби ауданы |
6 |
Оба (патшалық) | археология |
Қаланың солтүстік бөлігі, |
7 |
Оба қорымы (4) | археология | Бадам өзенінің сол жағасы, Шымкент қаласынан Ташкент қаласына шығар жолда |
8 |
Жеке оба | археология | Бадам өзенінің сол жағасы, майкомбинатына қарсы бетте |