Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Шымкент қаласының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімін бекіту туралы" Шымкент қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 02 маусымдағы № 319 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 107 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. "Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулыны Шымкент қаласының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны оның ресми жарияланғанынан кейін Шымкент қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Шымкент қаласы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Шымкент қаласының әкімі | М. Айтенов |
Келісілді
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрлігі
Шымкент қаласы әкімдігінің 2023 жылғы "29" маусымдағы № 1486 қаулысына қосымша |
|
Шымкент қаласы әкімдігінің 2020 жылғы "2" маусымдағы № 319 қаулысына қосымша |
Шымкент қаласының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімі
р/с № | Ескерткіштің атауы | Ескерткіштің түрі | Ескерткіштің орналасқан жері |
1 | Металлургтар сарайы 1950 ж. ортасы |
қала құрылысы |
Тұран ауданы, |
2 | Тұрғын үй ХХ ғ. басы |
қала құрылысы |
Әл-Фараби ауданы, |
3 | Никольский шіркеуі ХХ ғ. басы |
қала құрылысы |
Әл-Фараби ауданы, |
4 | Мектеп 1950 ж. ортасы | қала құрылысы және сәулет |
Тұран ауданы, |
5 | Шымкент қалашығы б.з.д ІІІ-ІІ ғғ. б.з.-ХІХ ғғ. | археология |
Әл-Фараби ауданы, |
6 | Оба (патшалық) І-ІV ғғ. | археология |
Қаланың солтүстік бөлігі, |
7 |
Оба қорымы (4) | археология | Бадам өзенінің сол жағасы, Шымкент қаласынан Ташкент қаласына шығар жолда |
8 |
Жеке оба | археология | Бадам өзенінің сол жағасы, "Шымкентмай" АҚ қарсы бетте |