"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27-бабына сәйкес Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Шымкент қаласы әкімдігінің мынадай кейбір қаулыларының күштері жойылды деп танылсын:
1) "Архивтік анықтамалар беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметінің регламентін бекіту туралы" Шымкент қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 24 желтоқсандағы № 351 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12 тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкiнде 2019 жылғы 8 қаңтарда жарияланған) қаулысы;
2) "Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметінің регламентін бекіту туралы" Шымкент қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 26 ақпандағы № 143 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18 тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкiнде 2019 жылғы 4 наурызда жарияланған) қаулысы.
2. "Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулыны Шымкент қаласының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін ресми жариялау үшін Шымкент қаласында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарына жіберуді;
3) осы қаулы ресми жариялағаннан кейін Шымкент қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Ш. Мұқанға жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Шымкент қаласының әкімі | М. Айтенов |