Жер салығының базалық мөлшерлемелерін түзету туралы

Жаңартылған

Шымкент қаласы мәслихатының 2022 жылғы 30 наурыздағы № 14/124-VII шешiмi. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 14 сәуірде № 27553 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы шешім 01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Кодексінің 510-бабының 1-тармағына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес Шымкент қаласының мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Шымкент қаласының жерлерді аймақтарға бөлу жобасы (схемасы) негізінде Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодексінің (Салық кодексі) 505, 506 және 510- баптарымен белгіленген жер салығының базалық мөлшерлемелері:

      1, 2, 3 аймақтарда орналасқан жерлер үшін, автотұрақтар (паркингтер), автожанармай құю станциялары орналасқан, ауыл шаруашылығы мақсаттары үшін пайдаланылатын ауыл шаруашылығына арналмаған жерлерді қоспағанда, 50 (елу) пайызға арттырылсын;

      4 аймақта орналасқан жерлер үшін автотұрақтар (паркингтер), автожанармай құю станциялары орналасқан, ауыл шаруашылығы мақсаттары үшін пайдаланылатын ауыл шаруашылығына арналмаған жерлерді қоспағанда, 40 (қырық) пайызға арттырылсын;

      5, 6, 7-аймақтарда орналасқан жерлер үшін, автотұрақтар (паркингтер), автожанармай құю станциялары, ауыл шаруашылығы мақсаттары үшін пайдаланылатын ауыл шаруашылығына арналмаған жерлерді қоспағанда, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының Кодексінің 505 бабына сәйкес бекітілген базалық мөлшерлемелері қалдырылсын;

      1, 2, 3, 4, 5, 6, 7-аймақтарда ауыл шаруашылығы мақсаттары үшін пайдаланылатын ауыл шаруашылығына арналмаған жерлер үшін 50 (елу) пайызға төмендетілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Шымкент қаласы мәслихатының 29.09.2022 № 21/196-VII шешiмiмен (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі).

      2. "Жер салығының базалық мөлшерлемелерін түзету туралы" Шымкент қаласы мәслихатының 2020 жылғы 14 қыркүйектегі № 69/627-6с шешімінің күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 126 болып тіркелген).

      3. Осы шешім 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Шымкент қаласы
      мәслихатының хатшысы Б. Нарымбетов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады