"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 2-9-тармағына, "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 14-1-бабының 2-тармағына, "Тұрғын үй сертификаттарын беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 20 маусымдағы № 417 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 18883 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Шымкент қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Шымкент қаласында тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы" Шымкент қаласы мәслихатының 2019 жылғы 17 шілдедегі № 52/444-6с (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 56 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде 2019 жылғы 6 тамызда жарияланған) шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. "Шымкент қаласы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңдамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімді Шымкент қаласының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы шешім мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін ресми жариялау үшін Шымкент қаласында таралатын мерзімді баспасөз басылымдарына жіберуді;
3) ресми жарияланған кейін осы шешімді Шымкент қаласы мәслихатының интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Шымкент қаласы | |
мәслихаты сессиясының төрайымы | Т. Султанова |
Шымкент қаласы | |
мәслихатының хатшысы | Г. Ташкараев |
Шымкент қаласы мәслихатының 2020 жылғы 14 қыркүйектегі № 69/631-6с шешіміне қосымша |
|
Шымкент қаласы мәслихатының 2019 жылғы 17 шілдедегі № 52/444-6с шешімімен бекітілген |
Шымкент қаласында тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесі 1-тарау. Тұрғын үй сертификатының мөлшері
1. Тұрғын үй сертификатының сомасы әрбір алушы үшін 1 (бір) миллион теңгеге дейін бірыңғай мөлшерде айқындалады.
2-тарау. Тұрғын үй сертификаттарын алушылар санаты
2. Тұрғын үй сертификаттарын алушылар санатына жататындар:
1) "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 68-бабының 3), 9) және 11) тармақшаларымен айқындалған тұрғын үйге мұқтаж азаматтар тізімінде тіркелген халықтың әлеуметтік жағынан осал топтары;
2) Шымкент қаласының мемлекеттік мекемелері мен мемлекеттік кәсіпорындарының, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт саласының мамандары, құқық қорғау органдарының қызметкерлері және мемлекеттік қызметшілері.