"Заңды тұлға мәртебесi бар жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар көрсететiн қызметтер үшiн тарифтер мөлшерiн бекiту туралы" Шымкент қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 17 тамыздағы № 89 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Шымкент қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 11 қыркүйектегі № 565 қаулысы. Шымкент қаласының Әділет департаментінде 2020 жылғы 29 қыркүйекте № 132 болып тіркелді

      "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңының 10-бабы 2-тармағы 7) тармақшасына сәйкес Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Заңды тұлға мәртебесi бар жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар көрсететiн қызметтер үшiн тарифтер мөлшерiн бекiту туралы" Шымкент қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 17 тамыздағы № 89 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4711 болып тіркелген, 2018 жылғы 22 тамыздағы № 66 "Шымкент келбеті" газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулыға қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыны Шымкент қаласының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін ресми жариялау үшін Шымкент қаласында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарына жіберуді;

      3) осы қаулыны, оны ресми жариялағаннан кейін, Шымкент қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Ш. Мұқанға жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Шымкент қаласының әкімі М. Айтенов

  Шымкент қаласы әкімдігінің
2020 жылғы 11 қыркүйегі
№ 565 қаулысына қосымша
  Шымкент қаласы әкімдігінің
2018 жылғы 17 тамыздағы
№ 89 қаулысымен бекітілген

Шымкент қаласы мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының "Шымкент мемлекеттік зоологиялық саябағы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны ұсынатын қызметі үшін тариф мөлшері

Қызметтер атауы

Өлшем бірлігі

Пайдалану уақыты

Тариф мөлшері, теңге

Ескертпе

Тамашалау алаңдарын ұсыну (экспозициялық аймақ)

1

1 күн

600

Жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақты пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемесі тамашалау алаңдарын ұсыну (экспозициялық аймақ) қызметінің тарифіне (600 теңге) қосылған

      Ескерту:

      Шымкент қаласы мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының "Шымкент мемлекеттік зоологиялық саябағы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны ұсынатын қызметі үшін келесі жеңілдіктер қарастырылады:

      мектеп жасына дейінгі балаларға (6 жасқа дейін), ардагерлерге және бірінші мен екінші топтағы мүгедектерге - тегін;

      мектеп жасындағы балаларға (6 жастан 17 жасқа дейін) - 50%;

      күндізгі маусымдағы студенттерге – 25%.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады