Ескерту. 01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі - осы қаулының 4-тармағымен.
Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Кодексінің 529-бабының 6-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 37-бабының 1-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 12 қарашадағы № 475 "Аймаққа бөлу коэффициентін есептеу әдістемесін бекіту туралы" бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17847 тіркелген) Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Салық салу объектісінің елді мекенде орналасқан жерін ескеретін Шымкент қаласында аймаққа бөлудің 2021 жылға арналған коэффициенті осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. "Шымкент қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) Шымкент қаласының Әділет департаментінде осы қаулының мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулыны ресми жариялағаннан кейін Шымкент қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулы Шымкент қаласы әкімінің орынбасары М.Айманбетовтің бақылауына алынсын.
4. Осы қаулы әділет органында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Шымкент қаласының әкімі | М. Айтенов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы Қаржы
Министірлігінің мемлекеттік кірістер
Комитетінің төрағасы
М.Сұлтанғазиев
"____" __________2020 ж.
Шымкент қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 30 қарашасы № 752 қаулысына қосымша |
Салық салу объектісінің елді мекенде орналасқан жерін ескеретін Шымкент қаласында аймаққа бөлудің 2021 жылға арналған коэффициенті
Аймақтар | Есеп орамдарының орналасқан жері | Аймақтау коэффициенттері |
1 |
Әл-Фараби ауданы бойынша кадастрлық № 001, 002, 003, 004, 005, 006, 007, 008, 009, 010, 011, 012, 013, 014, 015, 016, 017, 018, 019, 020, 021, 022; | 2,0 |
2 |
Әл-Фараби ауданы бойынша кадастрлық № 023, 024, 025, 026, 027; | 1,85 |
3 |
Әл-Фараби ауданы бойынша кадастрлық № 028, 029, 060, 031, 032, 033, 034, 035; | 1,65 |
Ескерту: Көше атауы және шағын аудандар Шымкент қаласының жер кадастрлық картасына негізделген.
Квартал бойынша кадастрлық нөмірлердің аймақтық коэффициентте қайталануы нысандардың қала көшелерінің орталықтан жақын немесе қашық орналасуына байланысты.