Барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы

Жаңартылған

Шымкент қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 8 желтоқсандағы № 769 қаулысы. Шымкент қаласының Әділет департаментінде 2020 жылғы 8 желтоқсанда № 141 болып тіркелді

      Ескерту. Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда – Шымкент қаласы әкiмдiгiнiң 16.08.2022 № 1579 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 28-бабы 6-тармағына сәйкес, Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – Шымкент қаласы әкiмдiгiнiң 16.08.2022 № 1579 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      1. Алынып тасталды - Шымкент қаласы әкiмдiгiнiң 16.08.2022 № 1579 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      2. Барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес белгіленсін.

      3. Шымкент қаласы әкімдігінің мынадай кейбір қаулыларының күштері жойылды деп танылсын:

      1) "Кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде үй-жайлар беру және үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы" Шымкент қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 4 наурыздағы № 288 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу туралы тізілімінде № 3074 нөмірімен тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 4 сәуірінде жарияланған) қаулысы;

      2) "Кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде үй-жайлар беру және үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы" Шымкент қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 4 наурыздағы № 288 қаулысына толықтырулар енгізу туралы" Шымкент қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 10 ақпандағы № 122 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу туралы тізілімінде № 3581 нөмірімен тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 24 ақпанында жарияланған) қаулысы.

      4. "Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының Шымкент қаласының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Шымкент қаласы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Ш.Мұқанға жүктелсін.

      6. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Шымкент қаласының әкімі М. Айтенов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Шымкент қалалық сайлау комиссиясы

      Ескерту. Келісу белгісі жаңа редакцияда - Шымкент қаласы әкiмдiгiнiң 16.08.2022 № 1579 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

  Шымкент қаласы әкімдігінің
2020 жылғы 8 желтоқсаны
№ 769 қаулысына 1-қосымша

Кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде берілетін үй-жайлардың тізімі

      Ескерту. 1-қосымша алынып тасталды - Шымкент қаласы әкiмдiгiнiң 16.08.2022 № 1579 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

  Шымкент қаласы әкімдігінің
2020 жылғы 8 желтоқсаны
№ 769 қаулысына 2-қосымша

Барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - Шымкент қаласы әкiмдiгiнiң 25.12.2023 № 2872 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі).

Абай ауданы

1.

"Қатын көпір" шағын ауданы, Әл-Фараби көшесі, № 94 үйдің жанында

2.

"Тұрлан" шағын ауданы, Шмидта көшесі, "Тұрлан экспедициясы" аялдамасының жанында

3.

"Игілік" тұрғын алабы, Ж.Манқараев көшесі, "Жорабай ата" аялдамасының жанында

4.

Бәйдібек би даңғылы, Шымкент қаласы мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының "Шымкент мемлекеттік зоологиялық саябағы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны ғимаратының жанында

5.

"Қайнарбұлақ" тұрғын алабы, Шымкент қаласының білім басқармасының "№106 Қайнарбұлақ жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанында

6.

"Ақжайық" шағын ауданы, Сырым батыр көшесі, Шымкент қаласының білім басқармасының "№59 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанында

7.

"Ақжайық" шағын ауданы, Шымкент қаласының білім басқармасының "№88 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанында

8.

"Достық" шағын ауданы, Шымкент қаласының білім басқармасының "69 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанында

9.

"Қайнарбұлақ" саяжайы, Алау массиві, "Фабричная" аялдамасы жанында

10.

"Қайнарбұлақ" саяжайы, Шымкент қаласының білім басқармасының "№83 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанында

11.

"Асар" шағын ауданы, Шымкент қаласының білім басқармасының "№90 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанында

12.

"Бозарық" шағын ауданы, Шымкент қаласының білім басқармасының "№ 57 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанында

13.

"Қызылжар" шағын ауданы, Жиделібайсын көшесі, №64 үйдің жанында

14.

Темірлан тас жолы және Арыстанбаб көшесінің қиылысында

15.

"Қызылжар" тұрғын алабы, Шардара көшесі, "Шымкент құс" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ғимаратының жанында

16.

"Игілік" тұрғын алабы, Б.Искаков және В.Терешкова көшелерінің қиылысында

17.

"Тәуелсіздікке 20 жыл" тұрғын алабы, Абылайхан көшесі, "Көкбұлақ" аялдаманың жанында

Еңбекші ауданы

1.

Елшібек батыр көшесі, "Қазпочта" акционерлік қоғамының №8 пошта бөлімшесі ғимаратының жанында

2.

Ғ.Иляев көшесі, "Қазпочта" акционерлік қоғамының №14 пошта бөлімшесі ғимаратының жанында

3.

Сайрам көшесі, Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы "№5 қалалық емхана" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны ғимаратының жанында

4.

"Абдулабад" тұрғын алабы, Абдулабад көшесі, Шымкент қаласының білім басқармасының "Али Ақбаев атындағы №101 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанында

5.

"Тұрдыабад" тұрғын алабы, Е.Исраилов көшесі, "Сегіз" аялдаманың жанында

6.

"Бадам-1" тұрғын алабы, Ленгір тас жолы, Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы "№7 қалалық емхана" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын ғимаратының жанында

7.

"Базарқақпа" тұрғын алабы, А.Абдалиев және Абдулабад көшелерінің қиылысында

8.

"Бадам" тұрғын алабы, К.Тұрсынбайұлы көшесі, "Казпочта" акционерлік қоғамы ғимаратының жанында

9.

"Бадам-2" тұрғын алабы, Құрманғазы көшесі Республикалық ислами діни бірлестігінің филиалы "Қаден ата" мешіті ғимаратының жанында

10.

"Жалын" тұрғын алабы, Көкжиде көшесі, "Жұлдыз" аялдамасының жанында

11.

"Исфиджаб" тұрғын алабы, Ибраһим ата көшесі, "Ибрагим ата" аялдаманың жанында

12.

"Азат" шағын ауданы, Аққанат көшесі, Шымкент қаласының білім басқармасының "№ 68 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанында

Әл-Фараби ауданы

1.

Қазыбек би көшесі, Түркістан облысы мәдениет басқармасының "Шәмші Қалдаяқов атындағы облыстық филармония" мемлекеттiк коммуналдық қазыналық кәсiпорны ғимаратының жанында

2.

Тәуке хан даңғылы, № 90 үйдің жанында

3.

№17 шағын ауданы, "Қазпочта" акционерлік қоғамының №6 пошта бөлімшесі ғимаратының жанында

4.

16 шағын ауданы, Жібек жолы көшесі, "Көктем" аялдамасының жанында

5.

"Теріскей" шағын ауданы, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының Шымкент қаласы бойынша филиалы ғимаратының жанында

6.

"Теріскей" шағын ауданы, Шымкент қаласының білім басқармасының "№46 мектеп-лицей" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанында

7.

Ж.Алдияров көшесі, "Орынбаев дәрігердің медициналық орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ғимаратының жанында

Қаратау ауданы

1.

"Тұран" шағын ауданы, Ойсыл баба Сіргелі ұрпақтарының рухани орталығының жанында

2.

"Нұрсәт" шағын ауданы, Ж.Шанин көшесі, "Жаңалық" дүкенінің жанында

3.

"Нұрсәт" шағын ауданы, Шымкент қаласындағы "Химия-биологиялық бағыттағы Назарбаев зияткерлік мектебі" "Назарбаев зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымының филиалы ғимаратының жанында

4.

"Тассай" тұрғын алабы, "Казпочта" акционерлік қоғамы ғимаратының жанында

5.

"Таскен" тұрғын алабы, Шымкент қаласының білім басқармасының "№ 103 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанында

6.

"Мәртөбе" тұрғын алабы, Жібек жолы көшесі, Шымкент қаласының білім басқармасының "№ 27 Мәртөбе жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанында

7.

"Сайрам" тұрғын алабы, Әмір Темір көшесі, "Сайрам орталығы" аялдаманың жанында

8.

"Қызылсу" тұрғын алабы, Қызылсу көшесі, Шымкент қаласының білім басқармасының "№ 114 Сайрам жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанында

9.

"Өтеміс" тұрғын алабы, Шымкент қаласының білім басқармасының "№36 А.Құнанбаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанында

10.

"Шапырашты" тұрғын алабы, Б.Төлебаев көшесі, Шымкент қаласының білім басқармасының "№ 70 С.Бекбосынов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанында

11.

"Нұрсәт" шағын ауданы, "Nursultan Nazarbaev" даңғылы, "Ладушки" аялдаманың жанында

12.

"Қайтпас" шағын ауданы, Республикалық ислами діни бірлестігінің филиалы "Байғұт баба" мешіті ғимаратының жанында

13.

"Достық" тұрғын алабы, Бейбітшілік көшесі, Шымкент қаласының білім басқармасының "№ 102 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанында

Тұран ауданы

1.

Желтоқсан көшесі, Қазақстан халқы Ассамблеясы ғимаратының жанында

2.

Ғ.Иляев көшесі, "Мирас" университетінің жанында

3.

1 мамыр көшесі, "Мирас" университетінің жанында

4.

А. Асқаров көшесі, Шымкент қаласы мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының "Шымкент қалалық опера және балет театры" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны ғимаратының жанында

5.

Абай даңғылы мен Н.Ысмайылов көшесінің қиылысы, "Южполиметалл" жабық акционерлік қоғамы ғимаратының жанында

6.

Абай даңғылы, Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы "№2 қалалық перзентхана" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын ғимаратына қарама-қарсы

7.

Темірлан тас жолы, "Жаңа Шахар" базары жанында

8.

С.Қожанов көшесі, "Орда" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жанында

9.

"Қазығұрт" шағын ауданы, Қ.Жандарбеков көшесі, № 179 үйдің жанында

10.

"Жаңаталап" тұрғын алабы, Шымкент қалалық Жаңаталап мәдениет үйі жанында

11.

"Ақжар" тұрғын алабы, Ғ.Мұратбаев көшесі, Шымкент қаласының білім басқармасының "№122 Ақжар жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанында

12.

Республика даңғылы, "Колос" аялдамасының жанында

13.

М.Х.Дулати мен Т.Рысқұлов көшелерінің қиылысында

14.

"Отырар" шағын ауданы № 9 үйдің жанында

15.

"Отырар" шағын ауданы № 59 үйдің жанында

16.

"Отырар" шағын ауданы № 60 үйдің жанында


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады