"Барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы" Шымкент қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 8 желтоқсандағы № 769 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Шымкент қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 25 желтоқсандағы № 2872 қаулысы. Шымкент қаласының Әділет департаментінде 2023 жылғы 28 желтоқсанда № 199-17 болып тіркелді

      Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы" Шымкент қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 8 желтоқсандағы № 769 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 141 болып тіркелген) қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыны Шымкент қаласының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны оны ресми жарияланғаннан кейін Шымкент қаласы әкімінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Шымкент қаласы әкімінің орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Шымкент қаласының әкімі Г. Сыздыкбеков

      "Келісілді"

      Шымкент қалалық сайлау

      комиссиясы

  Шымкент қаласы әкімдігінің
2023 жылғы 25 желтоқсандағы
№ 2872 қаулысына қосымша

Барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар

Абай ауданы

1.

"Қатын көпір" шағын ауданы, Әл-Фараби көшесі, № 94 үйдің жанында

2.

"Тұрлан" шағын ауданы, Шмидта көшесі, "Тұрлан экспедициясы" аялдамасының жанында

3.

"Игілік" тұрғын алабы, Ж.Манқараев көшесі, "Жорабай ата" аялдамасының жанында

4.

Бәйдібек би даңғылы, Шымкент қаласы мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының "Шымкент мемлекеттік зоологиялық саябағы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны ғимаратының жанында

5.

"Қайнарбұлақ" тұрғын алабы, Шымкент қаласының білім басқармасының "№106 Қайнарбұлақ жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанында

6.

"Ақжайық" шағын ауданы, Сырым батыр көшесі, Шымкент қаласының білім басқармасының "№59 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанында

7.

"Ақжайық" шағын ауданы, Шымкент қаласының білім басқармасының "№88 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанында

8.

"Достық" шағын ауданы, Шымкент қаласының білім басқармасының "69 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанында

9.

"Қайнарбұлақ" саяжайы, Алау массиві, "Фабричная" аялдамасы жанында

10.

"Қайнарбұлақ" саяжайы, Шымкент қаласының білім басқармасының "№83 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанында

11.

"Асар" шағын ауданы, Шымкент қаласының білім басқармасының "№90 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанында

12.

"Бозарық" шағын ауданы, Шымкент қаласының білім басқармасының "№ 57 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанында

13.

"Қызылжар" шағын ауданы, Жиделібайсын көшесі, №64 үйдің жанында

14.

Темірлан тас жолы және Арыстанбаб көшесінің қиылысында

15.

"Қызылжар" тұрғын алабы, Шардара көшесі, "Шымкент құс" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ғимаратының жанында

16.

"Игілік" тұрғын алабы, Б.Искаков және В.Терешкова көшелерінің қиылысында

17.

"Тәуелсіздікке 20 жыл" тұрғын алабы, Абылайхан көшесі, "Көкбұлақ" аялдаманың жанында

Еңбекші ауданы

1.

Елшібек батыр көшесі, "Қазпочта" акционерлік қоғамының №8 пошта бөлімшесі ғимаратының жанында

2.

Ғ.Иляев көшесі, "Қазпочта" акционерлік қоғамының №14 пошта бөлімшесі ғимаратының жанында

3.

Сайрам көшесі, Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы "№5 қалалық емхана" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны ғимаратының жанында

4.

"Абдулабад" тұрғын алабы, Абдулабад көшесі, Шымкент қаласының білім басқармасының "Али Ақбаев атындағы №101 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанында

5.

"Тұрдыабад" тұрғын алабы, Е.Исраилов көшесі, "Сегіз" аялдаманың жанында

6.

"Бадам-1" тұрғын алабы, Ленгір тас жолы, Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы "№7 қалалық емхана" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын ғимаратының жанында

7.

"Базарқақпа" тұрғын алабы, А.Абдалиев және Абдулабад көшелерінің қиылысында

8.

"Бадам" тұрғын алабы, К.Тұрсынбайұлы көшесі, "Казпочта" акционерлік қоғамы ғимаратының жанында

9.

"Бадам-2" тұрғын алабы, Құрманғазы көшесі Республикалық ислами діни бірлестігінің филиалы "Қаден ата" мешіті ғимаратының жанында

10.

"Жалын" тұрғын алабы, Көкжиде көшесі, "Жұлдыз" аялдамасының жанында

11.

"Исфиджаб" тұрғын алабы, Ибраһим ата көшесі, "Ибрагим ата" аялдаманың жанында

12.

"Азат" шағын ауданы, Аққанат көшесі, Шымкент қаласының білім басқармасының "№ 68 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанында

Әл-Фараби ауданы

1.

Қазыбек би көшесі, Түркістан облысы мәдениет басқармасының "Шәмші Қалдаяқов атындағы облыстық филармония" мемлекеттiк коммуналдық қазыналық кәсiпорны ғимаратының жанында

2.

Тәуке хан даңғылы, № 90 үйдің жанында

3.

№17 шағын ауданы, "Қазпочта" акционерлік қоғамының №6 пошта бөлімшесі ғимаратының жанында

4.

16 шағын ауданы, Жібек жолы көшесі, "Көктем" аялдамасының жанында

5.

"Теріскей" шағын ауданы, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының Шымкент қаласы бойынша филиалы ғимаратының жанында

6.

"Теріскей" шағын ауданы, Шымкент қаласының білім басқармасының "№46 мектеп-лицей" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанында

7.

Ж.Алдияров көшесі, "Орынбаев дәрігердің медициналық орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ғимаратының жанында

Қаратау ауданы

1.

"Тұран" шағын ауданы, Ойсыл баба Сіргелі ұрпақтарының рухани орталығының жанында

2.

"Нұрсәт" шағын ауданы, Ж.Шанин көшесі, "Жаңалық" дүкенінің жанында

3.

"Нұрсәт" шағын ауданы, Шымкент қаласындағы "Химия-биологиялық бағыттағы Назарбаев зияткерлік мектебі" "Назарбаев зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымының филиалы ғимаратының жанында

4.

"Тассай" тұрғын алабы, "Казпочта" акционерлік қоғамы ғимаратының жанында

5.

"Таскен" тұрғын алабы, Шымкент қаласының білім басқармасының "№ 103 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанында

6.

"Мәртөбе" тұрғын алабы, Жібек жолы көшесі, Шымкент қаласының білім басқармасының "№ 27 Мәртөбе жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанында

7.

"Сайрам" тұрғын алабы, Әмір Темір көшесі, "Сайрам орталығы" аялдаманың жанында

8.

"Қызылсу" тұрғын алабы, Қызылсу көшесі, Шымкент қаласының білім басқармасының "№ 114 Сайрам жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанында

9.

"Өтеміс" тұрғын алабы, Шымкент қаласының білім басқармасының "№36 А.Құнанбаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанында

10.

"Шапырашты" тұрғын алабы, Б.Төлебаев көшесі, Шымкент қаласының білім басқармасының "№ 70 С.Бекбосынов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанында

11.

"Нұрсәт" шағын ауданы, "Nursultan Nazarbaev" даңғылы, "Ладушки" аялдаманың жанында

12.

"Қайтпас" шағын ауданы, Республикалық ислами діни бірлестігінің филиалы "Байғұт баба" мешіті ғимаратының жанында

13.

"Достық" тұрғын алабы, Бейбітшілік көшесі, Шымкент қаласының білім басқармасының "№ 102 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанында

Тұран ауданы

1.

Желтоқсан көшесі, Қазақстан халқы Ассамблеясы ғимаратының жанында

2.

Ғ.Иляев көшесі, "Мирас" университетінің жанында

3.

1 мамыр көшесі, "Мирас" университетінің жанында

4.

А. Асқаров көшесі, Шымкент қаласы мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының "Шымкент қалалық опера және балет театры" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны ғимаратының жанында

5.

Абай даңғылы мен Н.Ысмайылов көшесінің қиылысы, "Южполиметалл" жабық акционерлік қоғамы ғимаратының жанында

6.

Абай даңғылы, Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы "№2 қалалық перзентхана" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын ғимаратына қарама-қарсы

7.

Темірлан тас жолы, "Жаңа Шахар" базары жанында

8.

С.Қожанов көшесі, "Орда" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жанында

9.

"Қазығұрт" шағын ауданы, Қ.Жандарбеков көшесі, № 179 үйдің жанында

10.

"Жаңаталап" тұрғын алабы, Шымкент қалалық Жаңаталап мәдениет үйі жанында

11.

"Ақжар" тұрғын алабы, Ғ.Мұратбаев көшесі, Шымкент қаласының білім басқармасының "№122 Ақжар жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанында

12.

Республика даңғылы, "Колос" аялдамасының жанында

13.

М.Х.Дулати мен Т.Рысқұлов көшелерінің қиылысында

14.

"Отырар" шағын ауданы № 9 үйдің жанында

15.

"Отырар" шағын ауданы № 59 үйдің жанында

16.

"Отырар" шағын ауданы № 60 үйдің жанында


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады