Жамбыл облысында тауарлық және сұйытылған мұнай газын тұтыну нормаларын бекіту туралы

Жаңа

Жамбыл облысы әкімдігінің 2020 жылғы 30 қаңтардағы № 9 қаулысы. Жамбыл облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 13 ақпанда № 4503 болып тіркелді

      "Газ және газбен жабдықтау туралы" Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 9 қаңтардағы Заңына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Жамбыл облысында тауарлық және сұйытылған мұнай газын тұтыну нормалары осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. "Жамбыл облысында тауарлық және сұйытылған мұнай газын тұтыну нормаларын бекіту туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 379 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2493 болып тіркелген, 2015 жылдың 14 ақпанында "Ақ жол" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. "Жамбыл облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулының мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның ресми жариялауға жіберілуін;

      3) осы қаулының Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      4) осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары Б. Орынбековке жүктелсін.

      5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жамбыл облысының әкімі А. Мырзахметов

  Жамбыл облысы әкімдігінің
2020 жылғы 30 қаңтары
№ 9 қаулысына қосымша

Жамбыл облысында тауарлық және сұйытылған мұнай газын тұтыну нормалары


Тауарлық газын тұтыну сипаттамасы

өлшем бірлігі (м³)

айлық тұтыну нормасы

1.

Тамақ дайындау (газ плитасы және орталықтандырылған ыстық сумен жабдықтау болған жағдайда)

1 адамға

10

2.

Орталықтандырылған ыстық сумен жабдықтау болмаған жағдайда (газбен су қыздырғыш болмаған жағдайда)

1 адамға

14,6

3.

Орталықтандырылған ыстық сумен жабдықтау болмаған жағдайда ыстық су дайындау (газбен су қыздырғыш болған жағдайда)

1 адамға

24,4

4.

Тұрғын үй-жайларды жеке жылыту (жылыту маусымында)

бір шаршы метр жылыту алаңына

7,74



Сұйытылған мұнай газынтұтыну сипаттамасы

Газдың қолданылытын көрсеткіштері (1 айға)

Газдың тұтыну көлемі (кг)

1.

Тараз қаласы үшін

1.1

Газ плитасы және орталықтандырылған ыстық сумен қамтылған

1 адамға

5,0

1.2

Газ плитасы және газбен су жылтатын қондырғысымен қамтылған және орталықтандырылған ыстық сумен қамтылмаған

1 адамға

11,0

2.

Шу, Каратау, Жанатас қалалары үшін

2.1

Газ плитасы және орталықтандырылған ыстық сумен қамтылған

1 адамға

5,5

3.

Аудандар үшін

3.1

Газ плитасы және орталықтандырылған ыстық сумен қамтылған

1 адамға

7,2

3.2

Газ плитамен қамтылған және орталықтандырылған ыстық сумен қамтылмаған

1 адамға

10,5

3.3

Газ плитасымен, газбен су жылтатын қондырғысымен қамтылған және орталықтандырылған ыстық сумен қамтылмаған

1 адамға

17,6

     

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады