Ескерту. Күші жойылды – Жамбыл облысы әкімдігінің 30.01.2020 № 9 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
"Газ және газбен жабдықтау туралы" Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 9 қаңтардағы Заңына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2014 жылғы 29 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2014 жылғы 12 желтоқсандағы № 143-ө өкіміне сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жамбыл облысында тауарлық және сұйытылған мұнай газын тұтыну нормалары осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. "Жамбыл облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулының мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оны ресми жариялауға мерзімді баспа басылымдарына және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне жіберуді;
3) осы қаулының Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары Б.Орынбековке жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | К. Көкрекбаев |
Жамбыл облысы әкімдігінің 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 379 қаулысына қосымша |
Жамбыл облысында тауарлық және сұйытылған мұнай газын тұтыну нормалары
Тауарлық газын тұтыну сипаттамасы | өлшем бірлігі (м³) | айлық тұтыну нормасы | |
1. | Тамақ дайындау (газ плитасы және орталықтандырылған ыстық сумен жабдықтау болған жағдайда) | 1 адамға | 10 |
2. | Орталықтандырылған ыстық сумен жабдықтау болмаған жағдайда (газбен су қыздырғыш болмаған жағдайда) | 1 адамға | 14,6 |
3. | Орталықтандырылған ыстық сумен жабдықтау болмаған жағдайда ыстық су дайындау (газбен су қыздырғыш болған жағдайда) | 1 адамға | 24,4 |
4. | Тұрғын үй-жайларды жеке жылыту (жылыту маусымында) | бір шаршы метр жылыту алаңына | 7,74 |
Сұйытылған мұнай газынтұтыну сипаттамасы | Газдың қолданылытын көрсеткіштері (1 айға) | Газдың тұтыну көлемі (кг) | |
1. | Тараз қаласы үшін | ||
1.1 | Газ плитасы және орталықтандырылған ыстық сумен қамтылған | 1 адамға | 5,0 |
1.2 | Газ плитасы және газбен су жылтатын қондырғысымен қамтылған және орталықтандырылған ыстық сумен қамтылмаған | 1 адамға | 11,0 |
2. | Шу, Каратау, Жанатас қалалары үшін | ||
2.1 | Газ плитасы және орталықтандырылған ыстық сумен қамтылған | 1 адамға | 5,5 |
3. | Аудандар үшін | ||
3.1 | Газ плитасы және орталықтандырылған ыстық сумен қамтылған | 1 адамға | 7,2 |
3.2 | Газ плитамен қамтылған және орталықтандырылған ыстық сумен қамтылмаған | 1 адамға | 10,5 |
3.3 | Газ плитасымен, газбен су жылтатын қондырғысымен қамтылған және орталықтандырылған ыстық сумен қамтылмаған | 1 адамға | 17,6 |