"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Жамбыл облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы нормативтік құқықтық актінің 1, 2 қосымшаларына сәйкес экспликация бойынша мемлекеттің босалқы жерлері есебінен:
1) 841,5 гектар жердің қосылуымен Жамбыл облысы Шу ауданының Шу қаласының;
2) 1608,5770 гектар жердің қосылуымен Жамбыл облысы Шу ауданының Төле би ауылдық округінің шекаралары (шегі) өзгертілсін.
2. Осы нормативтік құқықтық актінің орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың агроөнеркәсіпті дамыту, экология және табиғатты пайдалану мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына және облыс әкімінің орынбасары Б. Нығмашевқа жүктелсін.
3. Осы нормативтік құқықтық акт әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жамбыл облысының әкімі | Б. Сапарбаев |
Жамбыл облыстық | |
мәслихатының хатшысы | Б. Карашолаков |
1-қосымша |
Жамбыл облысы Шу ауданы Шу қаласының ЭКСПЛИКАЦИЯСЫ
| Жер пайдаланушылардың атаулары | Жалпы ауданы, гектар | оның ішінде | ||||
Барлығы ауыл шаруашылығы алқаптары, гектар | оның ішінде | ||||||
егістік, гектар | көп жылдық екпелер, гектар | жайылым, гектар | бөгде жерлер, гектар | ||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
1. | Шу қаласының аумағы | 4881,68 | 3148,6 | 924,6 | 84,0 | 2140,0 | 1733,08 |
2. | Шу қаласына Төле би ауылдық округінің мемлекеттік босалқы жері есебінен қосылған жер көлемі | 253,2 | 253,2 | 253,2 | |||
3. | Шу қаласына Алға ауылдық округінің мемлекеттік босалқы жері есебінен қосылған жер көлемі | 588,3 | 588,3 | 588,3 | |||
4. | Шу қаласынан Алға ауылдық округіне берілген жер көлемі | 12,18 | 12,18 | 12,18 | |||
5. | Шу қаласының шекарасы (шегі) өзгертілгеннен кейінгі жер көлемі | 5711 | 3977,92 | 924,6 | 84,0 | 2969,32 | 1733,08 |
2-қосымша |
Жамбыл облысы Шу ауданы Төле би ауылдық округінің ЭКСПЛИКАЦИЯСЫ
№ | Жер пайдаланушылардың атаулары | Жалпы ауданы, гектар | оның ішінде | ||||
Барлығы ауыл шаруашылығы алқаптары, гектар | оның ішінде | ||||||
егістік, гектар | көп жылдық екпелер, гектар | жайылым, гектар | бөгде жерлер, гектар | ||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
1. | Төле би ауылдық округінің аумағы | 3185 | 2289 | 334 | 26 | 1929 | 864 |
2. | Төле би ауылдық округіне Өндіріс ауылдық округінің мемлекеттік босалқы жері есебінен қосылған жер көлемі | 1608,5770 | 1608,5770 | ||||
3. | Төле би ауылдық округінің шекарасы (шегі) өзгертілгеннен кейінгі жер көлемі | 4793,577 | 2289 | 334 | 26 | 3537,577 | 864 |