Облыстық коммуналдық меншіктегі акционерлік қоғамдардың және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің дивидендтерінің (кірістерінің) көлемін белгілеу туралы

Жаңа

Жамбыл облысы әкімдігінің 2020 жылғы 6 тамыздағы № 171 қаулысы. Жамбыл облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 6 тамызда № 4693 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына және 2011 жылғы 1 наурыздағы "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Облыстық коммуналдық меншіктегі акционерлік қоғамдардың акцияларының мемлекеттiк пакеттерiне 10 (он) пайыз, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталдағы қатысу үлестеріне дивидендтерінің (табыстарының) көлемі таза табысынан 50 (елу) пайыз мөлшерде белгіленсін.

      2. Облыстық коммуналдық меншіктегі акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің акцияларын (жарғылық капиталдағы қатысу үлесін) иелену және пайдалану құқығы берілген мемлекеттік органдар дивидендтердің (кірістердің) белгіленген көлемінің облыстық бюджетке толық және уақтылы аударылуын қамтамасыз етсін.

      3. "Жамбыл облысы әкімдігінің қаржы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулының Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы қаулыдан туындайтын басқа да шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жамбыл облысының әкімі Б. Сапарбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады