"Жамбыл облысы бойынша кен іздеушілікке арналған аумақтарды айқындау туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2018 жылғы 24 желтоқсандағы №266 қаулысына толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Жамбыл облысы әкімдігінің 2020 жылғы 12 қазандағы № 227 қаулысы. Жамбыл облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 13 қазанда № 4759 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 27 желтоқсандағы Кодексінің 264 бабының 1 тармағына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Жамбыл облысы бойынша кен іздеушілікке арналған аумақтарды айқындау туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2018 жылғы 24 желтоқсандағы № 266 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4067 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілер электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі, 2019 жылғы 10 қаңтарда жарияланған) мынадай толықтыру енгізілсін:

      аталған қаулының қосымшасы "Жамбыл облысы бойынша кен іздеушілікке арналған аумақтар" мынадай мазмұндағы 4 тармақпен толықтырылсын:

4.

Жаңатұрмыс

1

1

72

58

44,98

42

36

40,64

4,8

Т. Рысқұлов ауданы

2

72

58

42,42

42

36

37,83

3

72

59

1,32

42

36

29,08

4

72

59

3,76

42

36

31,33

      2. "Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулының Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы қаулыдан туындайтын басқа да шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары А. Мәдиевке жүктелсін.

      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жамбыл облысының әкімі Б. Сапарбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Экология, геология және табиғи ресурстар

      министрлігі Геология комитетінің

      "Оңтүстiкқазжерқойнауы" Оңтүстiк Қазақстан

      өңiраралық геология

      департаментiнің басшысы

      __________________ А. Абдығалымов

      "____" ______________2020 жыл

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы Экология,

      геология және табиғи ресурстар министрлігі

      Экологиялық реттеу және бақылау

      комитетінің Жамбыл облысы бойынша

      Экология департаменті басшысының

      міндетін атқарушы

      __________________А. Латыпов

      "____" ______________2020 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады