Жамбыл облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Жамбыл облысы әкімдігінің 2020 жылғы 15 қазандағы № 231 қаулысы. Жамбыл облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 19 қазанда № 4766 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Жамбыл облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

      2. "Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулының Жамбыл облысы әкімдігінің интернет – ресурсында орналастырылуын;

      3) осы қаулыдан туындайтын басқа да шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Е.Жылқыбаевқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жамбыл облысының әкімі Б. Сапарбаев

  Жамбыл облысы әкімдігінің
2020 жылғы 15 қазандағы
№ 231 қаулысына қосымша

Жамбыл облысы әкімдігінің күші жойылды деп танылған кейбір қаулыларының тізбесі

      1. "Дене шынықтыру және спорт саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2016 жылғы 19 қыркүйектегі № 277 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3181 болып тіркелген, 2016 жылдың 20 қазанында "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      2. "Дене шынықтыру және спорт саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2017 жылғы 26 қазандағы № 229 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3585 болып тіркелген, 2017 жылдың 16 қарашада "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      3. "Жамбыл облысы әкімдігінің кейбір қаулыларына өзгерістер енгізу туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2019 жылғы 15 ақпандағы № 22 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4125 болып тіркелген, 2019 жылдың 27 ақпанында "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде, 2019 жылдың 10 сәуірінде электрондық түрдегі Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).

      4. "Дене шынықтыру және спорт саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2019 жылғы 10 қыркүйектегі № 189 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4324 болып тіркелген, 2019 жылдың 12 қыркүйегінде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде, 2019 жылдың 16 қыркүйегінде электрондық түрдегі Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады