"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Күші жойылды деп танылсын:
1) "Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2017 жылғы 21 тамыздағы №176 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізімінде №3525 болып тіркелген, 2017 жылдың 28 қыркүйегінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі Эталондық бақылау банкісінде жарияланған).
2) "Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2017 жылғы 21 тамыздағы № 176 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2019 жылғы 12 наурыздағы №40 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізімінде №4142 болып тіркелген, 2019 жылдың 10 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі Эталондық бақылау банкісінде жарияланған).
2. "Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулының Жамбыл облысы әкімдігінің интернет – ресурсында орналастырылуын;
3) осы қаулыдан туындайтын басқа да шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Б.Нығмашевқа жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жамбыл облысының әкімі | Б. Сапарбаев |