Байзақ ауданында жиналыстар, митингілер, демонстрациялар, шерулер мен пикеттерді өткізуге арналған арнайы орындарды белгілеу және оларды пайдалану тәртібі туралы

Жаңартылған

Жамбыл облысы Байзақ аудандық мәслихатының 2020 жылғы 24 маусымдағы № 67-11 шешімі. Жамбыл облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 30 маусымда № 4656 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына, "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 25 мамырдағы Заңының 8 бабына сәйкес, Байзақ аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Байзақ ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізуге арналған арнайы орындар, арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, сондай-ақ материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар айқындалсын.

      2. "Байзақ аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Жамбыл облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Байзақ аудандық мәслихатының интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Байзақ аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы С. Молдабеков
      Байзақ аудандық
      мәслихат хатшысы Н. Тлепов

  Байзақ аудандық мәслихатының
2020 жылғы 24 маусымдағы
№ 67-11 шешіміне қосымша

Байзақ ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізуге арналған арнайы орындар, арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, сондай-ақ материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар

      Ескерту. Қосымшаға өзгерістер енгізілді - Жамбыл облысы Байзақ аудандық мәслихатының 28.12.2023 № 17-5 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      1. Жиналыстар мен митингілерді ұйымдастыру және өткізу үшін келесі арнайы орын айқындалсын:

      1) Байзақ ауданы, Сарыкемер ауылы, Байзақ батыр көшесі, №76 "Әл-Фараби" атындағы аудандық мәдениет үйінің алаңы.

      2. Шерулер мен демонстрациялар өткізу үшін келесі маршрут белгіленсін:

      1) К.Орынқұлов көшесіндегі "Астананың 10 жылдығы" атындағы дендросаябақтан Жамбыл мен Байзақ батыр көшелерінің қиылысындағы "Әл-Фараби" атындағы аудандық мәдениет үйіне дейін.

      2. Байзақ ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі:

      1) Байзақ ауданы әкімдігі бейбіт жиналысты ұйымдастыру және өткізу кезінде бейбіт жиналысты ұйымдастыру және өткізуге жұмылдырылған ұйымдардың қызметін үйлестіру үшін тұрақты түрде жұмыс істейтін жедел штаб құрады. Жедел штабтың құрамына жергілікті полиция қызметі, азаматтық қорғау органдары өкілдері, бейбіт жиналысты ұйымдастырушы (бұдан әрі - ұйымдастырушы) кіреді. Жедел штабты аудан әкімдігінің уәкілетті өкілі басқарады;

      2) ұйымдастырушы бейбіт жиналысты ұйымдастыру және өткізу тәртібін регламенттейтін қатысушылардың жүріс-тұрыс қағидаларын азаматтар үшін жалпыға қолжетімді жерге орналастырады, қоғамдық тәртіпті сақтауды, қатысушылардың қауіпсіздігін, өрт және санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздігін, жазатайым оқиғалар кезінде алғашқы медициналық көмек көрсетуді қамтамасыз ететін шараларды және төтенше жағдайлар туындаған кезде эвакуациялау тәртібін көздейді;

      3) ұйымдастырушы жергілікті полиция қызметімен бірлесіп, жедел штабты басқару пунктінің, жергілікті полиция қызметінің және жедел жәрдемнің қызметтік автокөлігі, сондай-ақ резерві тұрағының орналасатын жерін айқындайды;

      4) жергілікті полиция қызметі бейбіт жиналыс басталуынан екі тәулік бұрын қоғамдық тәртіп сақтауды, жол және өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жұмылдырылған күш пен құралдарды орналастыру жоспарын бекітеді.

      5) Байзақ ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушылар мен қатысушылар Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 25 мамырдағы "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" Заңындағы көзделген міндеттер мен тыйымдарды қатаң сақтауға міндетті.

      3. Байзақ ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындардың шекті толу нормалары:

      а / в = с;

      а – бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындардың аумағы (шаршы метр);

      в – бейбіт жиналыстарға қатысатын әрбір азаматқа қарастырылған шекті норма (1,5 шаршы метр);

      с – бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындардың шекті толу нормасы (бейбіт жиналысқа қатысатын адамдардың шекті саны).

      4. Байзақ ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды жергілікті полиция әрбір бейбіт жиналысты өткізу кезінде бекітетін қоғамдық тәртіп сақтауды, жол және өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жұмылдырылған күш пен құралдарды орналастыру жоспарына сәйкес анықталады.

Бейбіт жиналыстарды жәнешерулерді өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық қамтамасыз ету

Арнайы орынның атауы

Материалдық-техникалық
қамтамасыз етілуі

Шекті толу нормалары

1.1.

"Әл-Фараби" атындағы аудандық мәдениет үйінің алдындағы алаң

Жер учаскесінің көлемі – 875 шм.;
- жасанды жарықтандыру;
- электр энергиясын қосу нүктесі бар;
- бейнебақылау камералары және бейне жазбалар орнатылған;
- тұрақ орындары бар
(1 кіру, 1 шығу)

500
адам

2.2.

К.Орынқұлов көшесіндегі "Астананың 10 жылдығы" атындағы саябақтан Жамбыл мен Байзақ батыр көшелерінің қиылысындағы "Әл-Фараби" атындағы аудандық мәдениет үйіне дейін

Маршруттың ұзындығы – 1 км;
- маршрут бойында көшелер жарықтандырылған;
- бейнебақылау камералары және бейне жазбалар
орнатылған

500
адам

Пикеттеуді өткізу тәртібі

      Пикеттеу – қоғамдық маңызы бар мәселелер және (немесе) адамдардың және (немесе) органдардың, ұйымдардың әрекеттері (әрекетсіздігі) бойынша пікірін жария білдіру мақсатында Қазақстан Республикасының бір азаматының белгілі бір жерде, белгілі бір уақытта болуы.

      Пикеттеуді:

      1) жаппай жерлеу орындарында;

      2) теміржол, су, әуе және автомобиль көлігі объектілерінде және оларға іргелес жатқан аумақтарда;

      3) мемлекеттің қорғаныс қабілетін, қауіпсіздігін және халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдарға іргелес жатқан аумақтарда;

      4) қауіпті өндірістік объектілерге және пайдалануы арнайы қауіпсіздік техникасы қағидаларын сақтауды талап ететін өзге де объектілерге іргелес жатқан аумақтарда;

      5) магистральдық теміржол желілерінде, магистральдық құбыржолдарда, ұлттық электр желісінде, магистральдық байланыс желілерінде және оларға іргелес жатқан аумақтарда өткізуге тыйым салынады.

      Пикеттеу барысында:

      1) оны тек бір азамат тұрақты түрде, яғни қозғалыссыз жүргізуіне;

      2) плакаттарды, транспаранттар мен өзге де көрнекі үгіт құралдарын пайдалануға;

      3) бейбіт жиналыстар ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды қоспағанда, бір жерде, бір уақытта бір объектіде бір күнде екі сағаттан астырмай жүргізілуіне жол беріледі.

      Пикеттеу барысында:

      1) бейбіт жиналыстар ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды қоспағанда, бір жерде, бір уақытта бір объектіде екі және одан көп пикеттерді өткізуге;

      2) дыбыс күшейткіш құралдарды пайдалануға;

      3) пикеттеуге тыйым салынған іргелес нысан аумағынан 800 метр қашықтықта пикеттеу жүргізуге жол берілмейді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады