"Байзақ ауданында жиналыстар, митингілер, демонстрациялар, шерулер мен пикеттерді өткізуге арналған арнайы орындарды белгілеу және оларды пайдалану тәртібі туралы" Байзақ аудандық мәслихатының 2020 жылғы 24 маусымдағы №67-11 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Байзақ аудандық мәслихатының 2023 жылғы 28 желтоқсандағы № 17-5 шешімі. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2024 жылғы 5 қаңтарда № 5142 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабына, "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 8-бабының 2-тармақ 2) тармақшасына сәйкес, Байзақ аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Байзақ ауданында жиналыстар, митингілер, демонстрациялар, шерулер мен пикеттерді өткізуге арналған арнайы орындарды белгілеу және оларды пайдалану тәртібі туралы" Байзақ аудандық мәслихатының 2020 жылғы 24 маусымдағы №67-11 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4656 болып тіркелген) шешіміне өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің қосымшасындағы "150" саны "800" санына өзгертілсін.

      2. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Байзақ аудандық
      мәслихат төрағасы Б. Акбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады