"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37-бабына және "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 9, 27-баптарына сәйкес, Жамбыл ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жамбыл ауданы бойынша ұйымдық-құқықтық және меншік нысандарына қарамастан ұйымдар үшін ұйымның тізімдік санынан пайыздық көрсетілімінде 2020 жылға пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына қызметкерлердің жалпы санынан квоталар қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. "Жамбыл ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру бойынша квота шараларының ұйымдастырылуын қамтамасыз етсін.
3. "Жамбыл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамаларда белгіленген тәртіппен осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін. Ауданның ресми интернет ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын қадағалау аудан әкімінің орынбасары Үміткен Қапанқызы Наймановаға жүктелсін.
5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жамбыл ауданының әкімі | С. Арубаев |
Жамбыл ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 3 шілдедегі № 350 қаулысына қосымша |
2020 жылға пробация қызметінің есебінде тұрған және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарына квоталар
№ | Ұйымның атауы | Жыл басындағы қызметкерлердің тізімдік саны (адам) | Белгіленген квота мөлшері | |||
Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар | Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар | |||||
Жұмыскерлердің тізімдік санынан % | Жұмыс орындарының саны (бірлік) | Жұмыскерлердің тізімдік санынан % | Жұмыс орындарының саны (бірлік) | |||
1. | Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің "Таза мекен" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны | 45 | 5% | 2 | 5% | 2 |
Барлығы | 45 | 2 | 2 |