Қаратөбе ауылдық округінің Бектөбе ауылындағы көше атауларын өзгерту туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Қаратөбе ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 28 шілдедегі № 65 шешімі. Жамбыл облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 4 тамызда № 4692 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4 тармақшасына сәйкес, Жамбыл облысы әкімдігі жанындағы облыстық ономастика комиссиясының 2019 жылдың 27 желтоқсандағы қорытындысы негізінде және тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып ауылдық округ әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қаратөбе ауылдық округінің Бектөбе ауылындағы көше атаулары өзгертілсін:

      1) Бұлақ 1 көшесі Қожа Ахмет Яссауи көшесіне;

      2) Көктем 2 көшесі Керей хан көшесіне.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Қаратөбе ауылдық округі әкімінің орынбасары А. Саршаевқа жүктелсін.

      3. Осы шешім Әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қаратөбе ауылдық округінің әкімі К. Джатканбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады