2020 жылға Қордай ауданында пробация қызметінің есебінде тұрған, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 2 сәуірдегі № 185 қаулысы. Жамбыл облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 6 сәуірде № 4542 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 37 бабына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 9, 27 баптарына сәйкес, Қордай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қордай ауданы бойынша ұйымдық-құқықтық нысанына және меншік нысанына қарамастан ұйымдар үшін ұйым қызметкерлерінің тізімдік санының пайыздық көрсетілімі бойынша 2020 жылға пробация қызметінің есебінде тұрған, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квоталар қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      2. "Қордай ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі 2020 жылға пробация қызметінің есебінде тұрған, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квоталау жұмыстарын ұйымдастыруды қамтамасыз етсін.

      3. "Қордай ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамаларда белгіленген тәртіппен осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындауын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б.Жамангозовке жүктелсін.

      5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жамбыл облысы
      Қордай ауданының әкімі Р. Дәулет

  Қордай ауданы әкімдігінің
2020 жылғы 2 сәуірдегі
№ 185 қаулысына қосымша

2020 жылға Қордай ауданында пробация қызметінің есебінде тұрған, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квоталар

Ұйымның атауы

Жыл басындағы қызметкерлердің тізімдік саны (адам)

Белгіленген квота мөлшері

Пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтар үшін

Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған азаматтар үшін

Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтар үшін

Жұмыскер лердің тізімдік санынан %

Жұмыс орында рының саны (бірлік)

Жұмыскер лердің тізімдік санынан %

Жұмыс орында рының саны (бірлік)

Жұмыскерлердің тізімдік санынан %

Жұмыс орындарының саны (бірлік)

1

"Мамутов и компания" толық серіктестігі

14

14,3%

2

7,1%

1



2

"Қордай құс" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

15

13,3%

2

6,6%

1



3

"Жихаз-2" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

10

30%

3

20%

2



4

"Шығыс-Восток" шаруа қожалығы

2





50%

1

5

"Үміт" шаруа қожалығы

3





33,3%

1


Барлығы

44


7


4


2


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады