"Қордай ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" Қордай аудандық мәслихатының 2018 жылғы 26 наурыздағы № 29-9 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Жамбыл облысы Қордай аудандық мәслихатының 2020 жылғы 22 сәуірдегі № 66-3 шешімі. Жамбыл облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 30 сәуірде № 4598 болып тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облысы Қордай аудандық мәслихатының 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 80-5 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы Қордай аудандық мәслихатының 25.12.2020 № 80-5 (алғаш ресми жарияланғаннан күннен күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына сәйкес, Қордай ауданық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Қордай ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" Қордай аудандық мәслихатының 2018 жылғы 26 наурыздағы маусымдағы №29-9 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3787 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде 2018 жылы 26 сәуірде жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      Аталған шешіммен бекітілген Қордай ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларының:

      7 тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:

      "7. Атаулы күндер мен мерекелік күндеріне бір жолғы әлеуметтік көмек:

      1) 15 ақпанға – Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылған күні:

      1.1. Ауғанстанда әскери міндетін өтеген әскери қызметшілерге және Ауғанстанда әскери міндетін өтеу кезінде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы салдарынан мүгедек болған әскери қызметшілерге 100 000 (жүз мың) теңге мөлшерінде;

      1.2. Ауғанстандағы ұрыс қимылдары кезеңінде жараланудың, контузия алудың, зақымданудың немесе ауруға шалдығудың салдарынан қаза тапқан (хабар – ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшілердің отбасыларынан 50 000 (елу мың) теңге мөлшерінде;

      1.3. 1979 жылдың 1 желтоқсан мен 1989 жылдың желтоқсаны аралығында Ауғанстанға жұмысқа жіберілген жұмысшылар мен қызметшілерге 50 000 (елу мың) теңге мөлшерінде;

      2) 26 сәуірге – Чернобыль атом электростанциясындағы апат болған күн:

      2.1. 1986-1987 жылдары Чернобыль атом электростанциясындағы апаттың зардаптарын жоюға қатысқан және Чернобыль атом электростанциясындағы апаттың салдарынан мүгедек болған адамдарға 100 000 (жүз мың) теңге мөлшерінде;

      2.2. 1988-1989 жылдардағы Чернобыль атом электростанциясындағы апаттың зардаптарын жоюға қатысқан адамдарға 50 000 (елу мың) теңге мөлшерінде;

      3) 9 мамырға – Жеңіс күні:

      3.1. Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне 1 000 000 (бір миллион) теңге мөлшерінде;

      3.2. қоршаудағы кезеңінде Ленинград қаласының кәсіпорындарында, мекемелері мен ұйымдарында жұмыс істеген және "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен әрі "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен наградталған азаматтарға 60 000 (алпыс мың) теңге мөлшерінде;

      3.4. қайтыс болған соғыс мүгедектерінің және соларға теңестірілген мүгедектердің әйелдеріне (күйеулеріне), сондай-ақ қайтыс болған соғысқа қатысушылардың, партизандардың, астыртын күрес жүргізген адамдардың, "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен және "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен наградталған, жалпы ауруға шалдығудың, еңбек ету кезінде зақым алуының нәтижесінде және басқа себептерге (құқыққа қайшы келетіндерінен басқаларына) байланысты мүгедек деп танылған азаматтардың екінші рет некеге тұрмаған әйелдеріне (күйеулеріне) 50 000 (елу мың) теңге мөлшерінде;

      3.5. Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және қалтқысыз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарға 50 000 (елу мың) теңге мөлшерінде;

      3.6. 1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген адамдарға (әскери қызмет өткергендерге) 50 000 (елу мың) теңге мөлшерінде;

      3.7. қайталап некеге отырмаған ата-ана, зайыбына (жұбайына) 50 000 (алпыс мың) теңге мөлшерінде көрсетіледі;

      4) 29 тамызға – Семей полигонының жабылған күні:

      4.1. Азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық қаруды сынаудың салдарынан мүгедек болған адамдарға, сондай-ақ ядролық сынақтар мен жаттығуларға тікелей қатысқан адамдарға 100 000 (жүз мың) теңге мөлшерінде көрсетіледі.".

      8 тармақ 2.2. тармақшасымен толықтырылып, келесі редакцияда мазмұндалсын:

      "2.2. "Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы Қордай аудандық орталық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынның тізіміне сәйкес АИТВ-инфекциясы бар балаларға ай сайын 2 (екі) күнкөріс деңгейі (республикалық деңгейде) мөлшерінде көрсетілсін.".

      2. Осы шешімнің орындалуын қадағалау аудандық мәслихаттың экномика, қаржы, бюджет, жергілікті өзін-өзі басқару, индустриялық-инновациялық дамыту, аймақты, көлік пен байланысты, орта және шағын бизнесті дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Б.Әлімбетке, "Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы А.Заурбаеваға (келісімі бойынша) және Қордай аудандық мәслихатының бас маман-заңгері Б.Қарашолаққа жүктелсін.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғаш ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қордай аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы Б. Әлімбет
      Қордай аудандық
      мәслихатының хатшысы Р. Нурсипатов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады