Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт, ветеринария, денсаулық сақтау ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін көмек беру туралы

Жаңартылған

Жамбыл облысы Мойынқұм аудандық мәслихатының 2020 жылғы 31 наурыздағы № 56-4 шешімі. Жамбыл облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 14 сәуірде № 4554 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына, "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аймақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 18-бабының 5 тармағына сәйкес, Мойынқұм аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Мойынқұм ауданының "Мойынқұм ауданы бойынша ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін әлеуметтік сала мамандарына коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету" ережесі және мөлшері қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Мойынқұм аудандық мәслихатының әлеуметтік дамуы, білім, мәдениет, тілдерді дамыту, халықтың денсаулығын сақтау, адам құқықтарын қорғау, халықтың аз қамтамасыз етілген бөлігін, мүгедектерді қорғау, жастар, отбасы және әйелдер ісі мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы шешім Әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Мойынқұм аудандық мәслихатының
      сессия төрағасы М. Мукашев
      Мойынқұм аудандық
      мәслихатының хатшысы Ш. Исабеков

  Мойынқұм аудандық
мәслихатының 2020 жылғы
31 наурыздағы № 56-4
1 қосымша

Мойынқұм ауданының ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі және мөлшері

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Мойынқұм ауданының ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен (бұдан әрі - мамандар) коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау (бұдан әрі – әлеуметтік қолдау) көрсетіледі.

      2. Әлеуметтік қолдауды тағайындауды уәкілетті орган – "Мойынқұм ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі жүзеге асырады.

2-тарау. Әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі

      3. Әлеуметтік қолдау мемлекеттік ұйымдардың бірінші басшылары бекіткен жиынтық тізімдердің негізінде мамандардан өтініш талап етпестен көрсетіледі.

      4. Әлеуметтік қолдау екінші деңгейдегі банктер немесе банк операцияларының тиісті түрлеріне лицензиялары бар ұйымдар арқылы мамандардың дербес шоттарына аудару жолымен жүзеге асырылады.

3-тарау. Әлеуметтік қолдау көрсету мөлшері

      5. Мамандарға әлеуметтік қолдау жылына бір рет бюджет есебінен 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көрсетіледі.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - Жамбыл облысы Мойынқұм аудандық мәслихатының 28.04.2023 № 2-8 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады