Мойынқұм аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Мойынқұм аудандық мәслихатының "Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт, ветеринария, денсаулық сақтау ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін көмек беру туралы" 2020 жылғы 31 наурыздағы №56-4 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №4554 болып тіркелген) шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Мойынқұм ауданының ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі мен мөлшерін белгілеу қағидаларында:
5 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"5. Мамандарға әлеуметтік қолдау жылына бір рет бюджет есебінен 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көрсетіледі.".
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Мойынқұм аудандық | |
мәслихатының төрағасы | Н. Саурыков |