Мойынқұм ауданында салық салу объектісінің елді мекенде орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициентін бекіту туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 15 қазандағы № 270 қаулысы. Жамбыл облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 16 қазанда № 4764 болып тіркелді

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы кодексінің 529 бабының 6 тармағына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабына сәйкес, Мойынқұм ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес салық салу объектісінің елді мекенде орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенті бекітілсін.

      2. "Мойынқұм ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулының мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оны ресми жариялауға жіберуді;

      3) Осы қаулының Мойынқұм ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      4) Осы қаулыдан туындайтын басқа да шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Сәбит Орынбетұлы Төлегеновке жүктелсін.

      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді, 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

      Аудан әкімі М. Мусаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Мойынқұм ауданы бойынша

      мемлекеттік кірістер

      басқармасының басшысы

      _____________Е.Сыбанбаев

      "____" ____________2020 ж.

  Мойынқұм ауданы әкімдігінің
2020 жылғы 15 қазандағы
№ 270 қаулысына қосымша

Мойынқұм ауданында салық салу объектісінің елді мекенде орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенті

Ауылдық округтердің атауы

Елді мекендердің атауы

Коэффициент

1

Ақбақай

Ақбақай

1,40

2

Ақсүйек

Ақсүйек

1,65

3

Биназар

Биназар

1,65

4

Бірлік

Бірлік

2,45

5

Жамбыл

Жамбыл

1,65

6

Қарабөгет

Қарабөгет

1,60

Құмөзек

1,65

Сарыөзек

1,40

7

Кеңес

Айдарлы

1,65

8

Қызылотау

Күшаман

1,55

9

Қызылтал

Көкжелек

1,60

Назарбеков

1,55

10

Қылышбай

Қылышбай

1,65

11

Мирный

Мирный

1,45

12

Мойынқұм

Мойынқұм

2,45

13

Мынарал

Мынарал ауылы

1,65

Мынарал станциясы

1,55

Қашқантеңіз станциясы

1,10

14

Ұланбел

Ұланбел

1,65

15

Шығанақ

Бұрылбайтал ауылы

1,35

Бұрыбайтал станциясы

1,25

Шығанақ

1,55

16

Хантау

Хантау

1,25

Қияхты станциясы

1,40


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады