2020 жылға Сарысу ауданында пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Сарысу ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 3 ақпандағы № 25 қаулысы. Жамбыл облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 13 ақпанда № 4504 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 9, 27 баптарына сәйкес, Сарысу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Сарысу ауданы бойынша ұйымдық-құқықтық нысанына және меншік нысанынан қарамастан ұйымдар үшін ұйым қызметкерлерінің тізімдік санының пайыздық көрсетілімінде 2020 жылға пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квоталар қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      2. "Сарысу ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау жұмыстарын ұйымдастыруды қамтамасыз етсін.

      3. "Сарысу ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамаларда белгіленген тәртіппен осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын қадағалау аудан әкiмiнiң орынбасары Имашев Ерлан Оспанбекұлына жүктелсiн.

      5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сарысу ауданының әкімі Қ. Мәдібек

  Сарысу ауданы әкімдігінің
2020 жылғы 3 ақпандағы № 25
қаулысына қосымша

2020 жылға Сарысу ауданында пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квоталар

Ұйымның атауы

Жыл басындағы қызметкерлердің тізімдік саны (адам)

Белгіленген квота мөлшері

Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін

Жұмыскерлердің тізімдік санынан %

Жұмыс орындарының саны (бірлік)

1

"Казфосфат" жауапкершілгі шектеулі серіктестігінің "Қаратау" тау-кен өңдеу кешені

1581

0,1 %

2

2

"Сарысу ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің "Жаңатас-Су-Жылу" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны

175

1,1 %

2

3

"Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының Жаңатас көпсалалы колледжі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны

83

1,2 %

1

4

"Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы Сарысу аудандық орталық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

740

0,1 %

1

5

"Бейсен" шаруа қожалығы

10

10 %

1

6

"АмирТрансСервис" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

12

8 %

1

7

"Алты-Орда-2006" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

5

20 %

1

8

Жеке кәсіпкер "Мутляпова Г.Е."

14

7%

1

9

"Фирма Минералл" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

6

16,5 %

1


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады