"Сарысу ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айкындаудың Қағидаларын бекіту туралы" Сарысу аудандық мәслихатының 2017 жылғы 20 желтоқсандағы № 25-6 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Жамбыл облысы Сарысу аудандық мәслихатының 2020 жылғы 14 ақпандағы № 68-3 шешімі. Жамбыл облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 19 ақпанда № 4507 болып тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облысы Сарысу аудандық мәслихатының 2021 жылғы 7 сәуірдегі № 4-3 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы Сарысу аудандық мәслихатының 07.04.2021 № 4-3 (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік баскару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Занының 6 бабының 2-3 тармағына және "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына сәйкес, Сарысу аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Сарысу ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" Сарысу аудандық мәслихатының 2017 жылғы 20 желтоқсандағы № 25-6 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3669 болып тіркелген, 2018 жылдың 22 қаңтарында Қазақстан Республикасы электрондық түрдегі нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидалары:

      5-тармақтың 1.1.) тармақшасындағы "150 000 (жүз елу мың)" деген сандар мен сөздер "300 000 (үш жүз мың)" деген сандармен және сөздермен ауыстырылсын;

      5-тармақтың 1.2.) тармақшасындағы "15 000 (он бес мың)" деген сандар мен сөздер "30 000 (отыз мың)" деген сандармен және сөздермен ауыстырылсын;

      5-тармақтың 1.3.) тармақшасындағы "15 000 (он бес мың)" деген сандар мен сөздер "30 000 (отыз мың)" деген сандармен және сөздермен ауыстырылсын;

      6-тармақтың 2) тармақшасындағы "30 000 (отыз мың)" деген сандар мен сөздер "50 000 (елу мың)" деген сандармен және сөздермен ауыстырылсын;

      10-тармақтың 2) тармақшасы алынып тасталсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың экономика, қаржы, бюджет, агроөнеркәсіп кешені, қоршаған ортаны қорғау мен табиғатты пайдалану, жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сарысу аудандық мәслихатының
      сессия төрағасы А. Сейналиев
      Сарысу аудандық мәслихат
      хатшысы С. Бегеев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады