Сарысу ауданы аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындарды белгілеу туралы

Күшін жойған

Жамбыл облысы Сарысу ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 236 қаулысы. Жамбыл облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 1 қазанда № 4753 болып тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облысы Сарысу ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 11 желтоқсандағы № 243 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы Сарысу ауданы әкімдігінің 11.12.2023 № 243 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілді) қаулысымен.

      "Сауда қызметін реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі Заңының 27-бабына, "Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушы 2015 жылғы 25 наурыздағы №264 бұйрығының (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 25 мамырда №11148 болып тіркелді) 102 тармағына сәйкес, Сарысу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Сарысу ауданы аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін қосымшаға сәйкес арнайы бөлінген орындары белгіленсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Көкей Олжас Тұрғынұлына жүктелсін.

      3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілді.

      Аудан әкімі Б. Жаксылыков

  қаулысына қосымша

Сарысу ауданы аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындар

Қала және ауылдық округ атауы

Орналасқан жері

Жалпы аумағы (шаршы метр)

Бағыт схемасы

Сауда қызметін жүзеге асыру кезеңі

Жақын маңдағы инфрақұрылымды есепке ала отырып қызмет саласы

1

Жаңатас

Мұқанов көшесі

360 м²

Орталық базар жанындағы алаңша

5 жыл

Ауыл-шаруашылық өнімдері

2

Байқадам

Төле би көшесі

1222 м²

"Айбала ана" наубайхана жанында

5 жыл

Ауыл-шаруашылық өнімдері

3

Досбол

Қ.Жұмаділов көшесі

220 м²

Қ.Жұмаділов көшесі №11 үйдің алдында

5 жыл

Ауыл-шаруашылық өнімдері

4

Тоғызкент

Т.Әубакіров көшесі

1000 м²

Дәрігерлік амбулатория жанында

5 жыл

Ауыл-шаруашылық өнімдері

5

Жаңаталап

Р.Сәтенұлы көшесі

500 м²

"Құрметті азаматтар" аллеясына қарама-қарсы бетте

5 жыл

Ауыл-шаруашылық өнімдері

6

Игілік

Ж.Жұмабеков көшесі

200 м²

"Мади" азық-түлік дүкенінің жанында

5 жыл

Ауыл-шаруашылық өнімдері

7

Жайылма

А.Әшімов көшесі

700 м²

Казпочта ғимаратының жанында

5 жыл

Ауыл-шаруашылық өнімдері

8

Қамқалы

Сарыарқа көшесі

180 м²

Сарыарқа көшесінің бойында

5 жыл

Ауыл-шаруашылық өнімдері


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады