"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі Заңының 16 бабының 4 тармақшасына сәйкес, Сарысу аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Сарысу ауданында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу мөлшерін және тәртібін айқындау туралы" Сарысу аудандық мәслихатының 2016 жылғы 24 қазандағы № 9-3 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3207 болып тіркелген, 2016 жылдың 16 қарашасында Қазақстан Республикасы электрондық түрдегі нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 2 тармақтың 3) тармақшасындағы "тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын кұжат (мекенжай анықтамасы немесе қала, ауыл әкімінің анықтамасы);" деген жол алынып тасталсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың экономика, қаржы, бюджет, агроөнеркәсіп кешені, қоршаған ортаны қорғау мен табиғатты пайдалану, жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Сарысу аудандық | |
мәслихатының сессия төрағасы | Б. Дондаұлы |
Сарысу аудандық | |
мәслихат хатшысы | С. Бегеев |