"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңына сәйкес, Талас ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Талас ауданы әкімиятының 2009 жылғы 27 қаңтардағы "Талас ауданының елді мекендерінде шектеу іс-шараларын енгізе отырып ветеринариялық режим белгілеу туралы" № 63 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 73 болып тіркелген, 2009 жылдың 14 наурызында аудандық "Талас тынысы" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. Талас ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 30 маусымдағы "Талас ауданы Аққұм ауылдық округі аумағына шектеу іс-шараларын енгізе отырып ветеринариялық режим белгілеу туралы" № 255 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2287 болып тіркелген, 2014 жылдың 9 тамызында аудандық "Талас тынысы" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Төрехан Сарықбайұлы Қойлыбаевқа жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Талас ауданының әкімі | Б. Казанбасов |