Талас ауданының елді мекендерінде шектеу іс-шараларын енгізе отырып ветеринариялық режим белгілеу туралы

Күшін жойған

Жамбыл облысы Талас ауданы әкімиятының 2009 жылғы 27 қаңтардағы № 63 қаулысы. Жамбыл облысы Талас ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 06 наурызда 73 нөмірімен тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облысы Талас ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 31 наурыздағы № 100 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы Талас ауданы әкімдігінің 31.03.2020 № 100 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      Орыс тіліндегі мәтіні жоқ болып табылады, мемлекеттік тілінде мәтінге қараңыз.
      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-бабы 2 тармағының 9) тармақшасы, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 1 тармағының 18) тармақшасы негізінде және аудан аумағында ұсақ малдардың арасында бруцеллез (сарып) ауруының тіркелуіне байланысты Талас аудандық аумақтық бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторының 2008 жылғы 26 қарашадағы № 271 ұсынысына сәйкес аудан әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Аудан аумағындағы ұсақ малдардың арасында бруцеллез (сарып) ауруының тіркелуіне байланысты, ауру тіркелген Аққұм, Бостандық ауылдық округтері және Қаратау қаласына шектеу іс-шаралары енгізіле отырып, ветеринариялық режим белгіленсін.

      2. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Талас аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің бастығы М. Тлеубердиевке (келісім бойынша), "Жамбыл облысы әкімияты мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының Талас ауданы бойынша бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы Қ. Әзімбаевқа (келісім бойынша), "Жамбыл облыстық ішкі істер департаментінің Талас аудандық ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы Б. А. Бүркітбаевқа (келісім бойынша) "Талас ауданы әкімиятының ауыл шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы А. Ерубаймен бірлесе отырып, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2004 жылғы 5 қарашадағы № 632 бұйрығымен бекітілген "Адам және жануарлар үшін ортақ (бруцеллез) ауруларды алдын-алу және күресу жөніндегі ветеринариялық-санитарлық және санитарлық-эпидемиологиялық Ережесінен" (Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінде 2004 жылдың 9 желтоқсанында № 3252 нөмірімен мемлекеттік тіркеуге алынған) туындайтын шараларды қабылдау ұсынылсын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Талас ауданы әкімінің орынбасары Ғ. Қартабаевқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және бұқаралық ақпарат құралдарында алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      5. "Нормативтік құқықтық актілер туралы" 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 6 тармағы негізінде "Талас ауданының елді мекендерінде сарып ауруының шығуына байланысты Ақкөл, Аққұм, Бостандық, Берікқара, С. Шәкіров, Қаратау, Қызыләуіт, Қасқабұлақ ауылдық округтерімен Қаратау қаласына шектеу іс-шараларын енгізе отырып ветеринариялық режим белгілеу туралы" Талас ауданы әкімиятының 2008 жылғы 25 қарашадағы № 529 қаулысы жойылды деп танылсын.

      Аудан Әкімі О. Жиенқұлов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Қазақстан Республикасы Ауыл

      шаруашылығы министрлігі агроөнеркәсіптік

      кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің

      Талас аудандық аумақтық инспекциясы"

      мемлекеттік мекемесінің бастығы

      М. Тлеубердиев

      27 қаңтар 2009 ж.

      "Жамбыл облысы әкімияты мемлекеттік

      санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау

      басқармасының Талас ауданы бойынша

      бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы

      Қ. Әзімбаев

      27 қаңтар 2009 ж.

      "Жамбыл облыстық ішкі істер

      департаментінің Талас аудандық

      ішкі істер бөлімі" мемлекеттік

      мекемесінің бастығы

      Б. Бүркітбаев

      27 қаңтар 2009 ж.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады