Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы Талас аудандық мәслихатының 25.02.2021 № 3-3 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 2 – 3 тармағына, "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына сәйкес, Талас аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Талас аудандық мәслихатының 2020 жылғы 20 сәуірдегі № 71-6 "Талас ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде № 4572 болып тіркелген, электронды түрде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкіде 2020 жылдың 27 сәуірінде жарияланған) шешімімен бекітілген Қағидаға төмендегідей өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) Жалпы ереженің 1 тармағында "Ұлы отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі Заңына" деген сөз – "Ардагерлер туралы" 2020 жылғы 6 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына" деген сөзге өзгертілсін;
2) 7 тармақтағы "4), 4.1), 4.2), 4.3), 4.4), 4.5), 4.6) тармақшалары" алынып тасталсын;
3) "15 тармақтың 2) тармақшасы" алынып тасталсын;
4) 15 тармақ келесідей абзацпен толықтырылсын:
"Адамның (отбасы мүшелерінің) табысына қарамастан тағайындалатын әлеуметтік көмекті алу үшін адамның (отбасы мүшелерінің) табыстары туралы мәліметтер ұсынылмайды";
5) 16 тармағында "Құжаттар салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары да және көшірмелері де ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады" деген сөз – "Салыстырып тексеру үшін құжаттардың төлнұсқалары ұсынылады, содан кейін құжаттардың төлнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады." деген сөзге өзгертілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын қадағалау Талас аудандық мәслихатының тұрғындарды әлеуметтік-құқықтық қорғау және мәдениет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қоданысқа енгізіледі.
Талас аудандық | |
мәслихатының сессия төрағасы | Д. Булегенов |
Талас аудандық | |
мәслихат хатшысының м.а. | С. Тилеубердиев |