"Шу ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекiту туралы" Шу аудандық мәслихатының 2019 жылғы 29 наурыздағы № 44-3 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Жамбыл облысы Шу аудандық мәслихатының 2020 жылғы 26 наурыздағы № 59-5 шешімі. Жамбыл облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 1 сәуірде № 4534 болып тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облысы Шу аудандық мәслихатының 2023 жылғы 25 желтоқсандағы № 14-4 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы Шу аудандық мәслихатының 25.12.2023 № 14-4 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) шешімімен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 2-3 тармағына және "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы №504 қаулысына сәйкес Шу аудандық мәслихаты ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Шу ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" Шу аудандық мәслихатының 2019 жылғы 29 наурыздағы №44-3 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4173 болып тіркелген, 2019 жылы 08 сәуірде нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде электронды түрде жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін.

      Көрсетілген шешіммен бекітілген Шу ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидасында:

      9 тармақтың 1-2), 1-3), 1-4), 1-5) тармақшалары келесі редакцияда жазылсын:

      1-2) қоршаудағы кезеңінде Ленинград қаласының кәсіпорындарында, мекемелері мен ұйымдарында жұмыс істеген және "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен, "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен наградталған азаматтарға 60 000 (алпыс мың) теңге мөлшерінде;

      1-3) қаза тапқан (қайтыс болған) соғыс мүгедектерінің және соларға теңестірілген мүгедектерінің әйелдеріне (күйеулеріне), сондай-ақ қайтыс болған соғысқа қатысушылардың, партизандардың, астыртын күрес жүргізген адамдардың, "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен және "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен наградталған, жалпы ауруға шалдығудың, еңбек ету кезінде зақым алуының нәтижесінде және басқа себептерге (құқыққа қайшы келетіндерінен басқаларына) байланысты мүгедек деп танылған азаматтардың екінші рет некеге тұрмаған әйелдері (күйеулері) 30 000 (отыз мың) теңге мөлшерінде;

      1-4) Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы Кеңес Социалистік Республикалық Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарға және Ұлы Отан соғысы жылдарында 6 айдан астам тылда еңбек еткен адамдарға 30 000 (отыз мың) теңге мөлшерінде;

      1-5) екінші дүниежүзілік соғыс кезінде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлердің, геттолардың және басқада еріксіз ұстау орындарының жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындарына 60 000 (алпыс мың) теңге мөлшерінде;

      9 тармақ мынадай мазмұндағы 1-7) тармақшамен толықтырылсын:

      1-7) қызметтік міндеттерін атқару кезінде жаралануы, контузия алуы, жарақат алуы салдарынан не майданда болуына байланысты ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болып қалған бұрынғы Кеңес Социалистік Республикалық Одағы мемлекеттік қауіпсіздік және ішкі істер органдарының басшы және қатардағы құрамы қызметкерлердің басқа некеге тұрмаған әйелдеріне (күйеулеріне) - 30 000 (отыз мың) теңге мөлшерінде.

      10 тармақтың 3), 4) тармақшалары келесі редакцияда жазылсын:

      3) әлеуметтік мәні бар туберкулез ауруы бойынша әлеуметтік көмек "Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы Шу аудандық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттiк мекемесінің туберкулезге қарсы бөлімінің тізіміне сәйкес, туберкулезбен ауыратын адамдарға амбулаториялық емдеу кезеңінде емін жалғастырып жатқан адамдарға ай сайын, бір күнкөріс деңгейі мөлшерінде көрсетіледі;

      4) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан адамға (отбасына) не оның мүлкіне зиян келтірілгенде арнайы комиссияның анықтауымен 200 (екі жүз) айлық есептік көрсеткіш шегінде көрсетіледі.

      10 тармақ мынадай мазмұндағы 5), 6) тармақшаларымен толықтырылсын:

      5) адамның иммунитет тапшылығы вирусы (АИТВ) ауруымен ауыратын азаматтарға екі еселенген ең төменгі күн көріс деңгейі мөлшерінде ай сайын әлеуметтік көмек көрсетіледі;

      6) онкология ауруымен ауырғандарға екі еселенген ең төмен күн көріс деңгейі көлемінде әлеуметтік көмек арнайы комиссияның анықтауымен көрсетіледі.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени саланы, денсаулық сақтау, білім, қоғамдық және жастар ұйымдарымен байланысты дамыту, қоғамдық құқықтық тәртіпті сақтау, әкімшілік-аумақтық құрылымды жетілдіру жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы шешiм әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және оның алғаш ресми жарияланған күннен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Шу ауданының мәслихатының
      сессия төрағасы И. Тортаев
      Шу ауданының
      мәслихат хатшысы Е. Умралиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады