"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтарындағы Занының 35 бабына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсанындағы Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес, Жамбыл облысы әкімдігі жанындағы ономастика комиссиясының 2019 жылғы 27 желтоқсанындағы қорытындысы негізінде және тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, Жаңақоғам ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Жаңақоғам ауылдық округінің Көктөбе ауылындағы көшелерге атау берілсін:
1) № 1 Жаңа көшеге - Қайрат Рысқұлбеков;
2) № 2 Жаңа көшеге - Қажымұқан Мұңайтпасов;
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Жаңақоғам ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Асылбеков Сатыбалды Тілемісұлына жүктелсін.
3. Осы шешім Әділет органдарына мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Округ әкімі | Н. Қондыбаева |