Қарағанды облысы әкімдігінің мемлекеттік бағалы қағаздар шығарылымының шарттарын, көлемін және нысаналы мақсатын айқындау туралы

Жаңа

Қарағанды облысының әкімдігінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі № 26/01 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 27 сәуірде № 5806 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасында төтенше жағдайды енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 15 наурыздағы № 285 Жарлығына, "Әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 16 наурыздағы № 286 Жарлығына, "Экономиканы тұрақтандыру жөніндегі одан арғы шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 16 наурыздағы № 287 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 наурыздағы № 126 қаулысына, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі Мемлекеттік комиссия отырысының 2020 жылғы 30 наурыздағы № 8 Хаттамасының 10.1-тармағына, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің 2020 жылғы 31 наурыздағы № 03-24/2072-И хатына сәйкес, Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қарағанды облысы әкімдігінің ішкі нарықта айналысқа жіберу үшін мемлекеттік бағалы қағаздар шығарудың келесі шарттары, көлемі және нысаналы мақсаты анықталсын:

      1) шарттары:

      мемлекеттік бағалы қағаздар шығарылған жыл – 2020 жыл;

      бағалы қағаздардың түрі – мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру шеңберінде тұрғын үй салуды қаржыландыру үшін облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары ішкі нарықта айналысқа шығаратын мемлекеттік бағалы қағаздар;

      номиналды сыйақы мөлшерлемесі - жылдық 4,25%;

      қарыз мерзімі - 22 (жиырма екі) айға дейін;

      қарыз бойынша сыйақы төлеу – жарты жылда 1 (бір) рет;

      негізгі борышты төлеу - қарыз мерзімінің соңында, қарыз алушының бастамасы бойынша мерзімінен бұрын өтеу құқығымен;

      2) көлемі:

      6 000 000 000 (алты миллиард) теңгеден аспайды.

      3) нысаналы мақсаты – мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру шеңберінде тұрғын үй құрылысын қаржыландыру.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасарына жүктелсін.

      3. Қарағанды облысы әкімдігінің "Қарағанды облысы әкімдігінің мемлекеттік бағалы қағаздар шығарылымының шарттарын, көлемін және нысаналы мақсатын айқындау туралы" қаулысы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қарағанды облысының әкімі Ж. Қасымбек

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады