Қарағанды облысы әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшілеріне көтермелеулерді қолдану қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысының әкімдігінің 2020 жылғы 5 маусымдағы № 36/01 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 9 маусымда № 5867 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысының әкімдігінің 2024 жылғы 29 қарашадағы № 68/06 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысының әкімдігінің 29.11.2024 № 68/06 қаулысымен (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі, "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" 2015 жылғы 23 қарашадағы заңдарына сәйкес, Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Қарағанды облысы әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшілеріне көтермелеулерді қолдану қағидалары бекітілсін.

      2. "Қарағанды облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау "Қарағанды облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің басшысына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қарағанды облысының әкімі Ж. Қасымбек

  Қарағанды облысы
әкімдігінің
2020 жылғы 5 маусымы
№ 36/01
қаулысымен бекітілген

Қарағанды облысы әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшілеріне көтермелеулерді қолдану қағидалары

      1. Қарағанды облысы әкімі аппаратының (бұдан әрі - Аппарат) мемлекеттік қызметшілеріне көтермелеулерді қолдану қағидалары "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Заңының 35-бабына сәйкес әзірленді және "Қарағанды облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызметшілеріне көтермелеулерді қолдану тәртібін айқындайды.

      2. Аппараттың мемлекеттік қызметшілеріне келесі көтермелеулер қолданылады:

      1) біржолғы ақшалай сыйақы;

      2) алғыс жариялау;

      3) грамотамен марапаттау;

      4) көтермелеудің өзге де нысандары, оның ішінде ведомстволық наградалармен марапаттау.

      3. Бір ерекшелігі үшін мемлекеттік қызметшіге тек бір көтермелеу қолданылады.

      4. Аппараттың мемлекеттік қызметшілері лауазымдық міндеттерін үлгілі орындағаны, мінсіз мемлекеттік қызметі, ерекше маңыздылығы мен күрделілігі бар тапсырмаларды орындағаны үшін және жұмыстағы басқа жетістіктері үшін, сондай-ақ олардың қызметін бағалау нәтижелері бойынша көтермеленді.

      5. Аппараттың мемлекеттік қызметшілерін көтермелеу құрамын облыс әкімі аппаратының басшысы бекіткен комиссия (бұдан әрі - Комиссия) шешімі негізінде жүргізіледі.

      6. Аппараттың әкімшілік мемлекеттік қызметшілері қызметтік міндеттерін үлгілі орындағаны, мінсіз мемлекеттік қызметі үшін ай сайын бір жолғы ақшалай сыйақымен көтермеленеді.

      Осы тармақта көзделген біржолғы ақшалай сыйақы төлемі Қарағанды облысы әкімі аппаратының бюджеттік бағдарламасын қаржыландыру жоспары бойынша қаржыны үнемдеу жолымен жүзеге асырылады.

      7. Ерекше маңыздылығы мен күрделілігі бар міндеттерді орындағаны және жұмыстағы басқа жетістіктері үшін, сондай-ақ олардың қызметін бағалау нәтижелері бойынша Ереженің 6 тармағында көрсетілген мемлекеттік қызметшілер Қарағанды облысы әкімі аппаратының бюджеттік бағдарламасын қаржыландыру жоспарына сәйкес облыстық бюджеттен үнемделген қаражат есебінен комиссия ұсынымдары негізінде Аппарат басшысының шешімі бойынша біржолғы ақшалай сыйақымен көтермеленеді.

      8. Аппараттың мемлекеттік қызметшілеріне біржолғы ақшалай сыйақы төлеу аппарат басшысының бұйрығымен жүзеге асырылады.

      9. Қызметтік міндеттерін үлгілі орындағаны, қызметте жоғары нәтижеге қол жеткізгені, ерекше маңызды міндеттерді шешуге қосқан жеке үлесі үшін мемлекеттік қызметшілер Қарағанды облысы әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталады.

      10. Аппараттың мемлекеттік қызметшілерін Қарағанды облысы әкімінің Құрмет грамотасымен марапаттаумен көтермеленуді есепке алуды Қарағанды облысы әкімі аппаратының персоналды басқару бөлімі мемлекеттік қызметшінің еңбек кітапшасына және жеке іс қағазына деректерді енгізе отырып жүргізеді.

      11. Аппараттың мемлекеттік қызметшілеріне көтермелеудің өзге нысандары Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес қолданылады.

      12. Мемлекеттік қызметшілер көтермелеуге жатпайды:

      1) тәртіптік жазалары алынбаған;

      2) сынақ мерзімін өтеу кезеңінде;

      3) "Б" корпусының әкімшілік мемлекеттік қызметшісіне қатысты Ұлттық қауіпсіздік органдарының арнайы тексеру жүргізу кезінде;

      4) Аппаратта бір айдан кем жұмыс істегендер.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады