Қарағанды облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қарағанды облысының әкімдігінің 2020 жылғы 24 шілдедегі № 47/03 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 27 шілдеде № 5980 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2013 жылғы 15 сәуірдегі "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы", 2016 жылғы 06 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы", 2019 жылғы 25 қарашадағы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңдарына сәйкес Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қарағанды облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші осы қаулыға қосымшаға сәйкес жойылды деп танылсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік жасайтын орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілсін.

      Қарағанды облысының әкімі Ж. Қасымбек

  Қарағанды облысы
  әкімдігінің
  2020 жылғы 24 шілдесі
  № 47/03
  қаулысына қосымша

Қарағанды облысы әкімдігінің күші жойылған кейбір қаулыларының тізімі

      1. "Мәдениет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы" арағанды облысы әкімдігінің 2015 жылғы 14 шілдедегі №39/02 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3366 болып тіркелген, 2015 жылғы 18 тамыздағы № 116 (21867) "Индустриальная Караганда", 2015 жылғы 18 тамыздағы № 130 (22015) "Орталық Қазақстан" газеттерінде, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылдың 17 тамызында жарияланған).

      2. "Архивтік анықтамаларын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" Қарағанды облысы әкімдігінің 2015 жылғы 23 маусымдағы №34/01 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3341 болып тіркелген, 2015 жылғы 01 тамыздағы № 106 (21857) "Индустриальная Караганда", 2015 жылғы 01 тамыздағы № 121 (22006) "Орталық Қазақстан" газеттерінде, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылдың 31 шілдесінде жарияланған).

      3. "Мұрағат анықтамаларын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" Қарағанды облысы әкімдігінің 2015 жылғы 23 маусымдағы №34/01 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қарағанды облысы әкімдігінің 2016 жылғы 18 сәуірдегі №27/05 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3789 болып тіркелген, 2016 жылғы 31 мамырдағы № 68 (22013) "Индустриальная Караганда", 2016 жылғы 31 мамырдағы № 87 (22192) "Орталық Қазақстан" газеттерінде, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылдың 27 мамырында жарияланған).

      4. "Мұрағат анықтамаларын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" Қарағанды облысы әкімдігінің 2015 жылғы 23 маусымдағы № 34/01 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қарағанды облысы әкімдігінің 2017 жылғы 29 маусымдағы № 38/06 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4331 болып тіркелген, 2017 жылғы 05 тамыздағы № 87 (22200) "Индустриальная Караганда", 2017 жылғы 05 тамыздағы № 86 (22393) "Орталық Қазақстан" газеттерінде, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде 2017 жылдың 10 тамызында жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады