"Теміртау қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің және Теміртау қаласының бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілеріне көтермелеулерді қолдану қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Теміртау қаласының әкімдігінің 2020 жылғы 16 шілдедегі № 29/2 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 22 шілдеде № 5956 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңына сәйкес, Теміртау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған "Теміртау қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің және Теміртау қаласының бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілеріне көтермелеулерді қолдану қағидалары бекітілсін.

      2. "Теміртау қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі және Теміртау қаласының бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдар осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

      3. Осы қаулының орындалуына бақылау Теміртау қаласы әкімі аппаратының басшысына және әкім орынбасарларына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Теміртау қаласының әкімі Г. Ашимов

  Теміртау қаласы
әкімдігінің
2020 жылғы 16 шілдесі
№ 29/2
қаулысымен бекітілген

"Теміртау қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің және Теміртау қаласының бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілеріне көтермелеулерді қолдану қағидалары

      1. "Теміртау қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің және Теміртау қаласының бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілеріне көтермелеулерді қолдану жөнінде осы қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Заңының 35-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және "Теміртау қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің және Теміртау қаласының бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілеріне көтермелеулерді қолдану тәртібін анықтайды.

      2. "Теміртау қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің және Теміртау қаласының бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілеріне мынадай көтермелеулер қолданылады:

      1) біржолғы ақшалай сыйақы;

      2) алғыс жариялау;

      3) грамотамен марапаттау;

      4) көтермелеудің өзге де нысандары, оның ішінде ведомстволық наградалармен марапаттау.

      3. Мемлекеттік қызметшіге бір ерекшелігі үшін бір көтермелеу ғана қолданылады.

      4. "Теміртау қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің және Теміртау қаласының бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілері лауазымдық міндеттерін үлгілі орындағаны, мінсіз мемлекеттік қызметі, ерекше маңызды және күрделі тапсырмаларды орындағаны және жұмыстағы басқа да жетістіктері үшін, сондай-ақ олардың жұмысын бағалаудың нәтижелері бойынша көтермеленеді.

      5. "Теміртау қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің және Теміртау қаласының бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілерін біржолғы ақшалай сыйақымен көтермелеу, құрамы қала әкімінің өкімімен бекітілетін мемлекеттік қызметшілерді көтермелеу мәселелері жөніндегі Бірыңғай комиссиясының шешімінің негізінде жүргізіледі (бұдан әрі – Комиссия).

      6. Біржолғы ақшалай сыйақы төлемі қаржыландыру жоспары бойынша "Теміртау қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің және Теміртау қаласының бюджетінен қаржыландырылатын тиісті атқарушы органды ұстауға көзделген жергілікті бюджет қаражатын үнемдеу есебінен Теміртау қаласы әкімінің өкімі және Теміртау қаласының бюджетінен қаржыландырылатын тиісті атқарушы органның бұйрығы негізінде жүзеге асырылады.

      7. Мемлекеттік қызметшілер Теміртау қаласы әкімінің, әкімнің орынбасарларының грамотасымен қызметтік мiндеттерiн үлгiлi атқарған, қызметте жоғары нәтижелерге қол жеткізген, "Теміртау қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі және Теміртау қаласының бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы орган алдына қойған ерекше маңызды тапсырмаларын шешуде қосқан жеке үлесі үшін марапатталады.

      8. Мемлекеттік қызметшілерге ерекше маңызды және күрделі тапсырмаларды орындағаны, тапсырмаларды тиісті және адал атқарғаны үшін Теміртау қаласы әкімінің, әкімнің орынбасарларының алғысы жарияланады.

      9. Теміртау қаласы әкімінің, әкімнің орынбасарларының грамотасымен және алғысын жариялаумен көтермелеу туралы шешім "Теміртау қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің және Теміртау қаласының бюджетінен қаржыландырылатын тиісті атқарушы органдардың бірінші басшыларының ұсынымдары бойынша қабылданады.

      "Теміртау қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің және Теміртау қаласының бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілерінің қала әкімінің грамотасымен көтермелеулерін есепке алу қала әкімі аппаратының персоналды басқару бөлімі, көтермелеу бойынша мәліметтерді мемлекеттік қызметшінің еңбек кітапшасына және жеке іс қағазына енгізумен жүргізеді.

      10. Грамота және алғыс жариялау мемлекеттік немесе орыс тілдерінде әзірленеді және Теміртау қаласы әкімінің немесе әкімнің орынбасарларының қолы қойылады.

      11. Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес "Теміртау қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің және Теміртау қаласының бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілеріне көтермелеудің басқа формалары қолданылады.

      12. Мемлекеттік қызметшілер мына жағдайларда көтермелеуге жатпайды:

      1) алып тастамаған тәртіптік жазасы болса;

      2) сынақ мерзімінен өту кезеңінде;

      3) "Б" корпусының әкімшілік мемлекеттік қызметшісіне қатысты Ұлттық қауіпсіздік органдарының арнайы тексеруі кезінде;

      4) мемлекеттік органда бір айдан аз жұмыс істегендер.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады