Қаражал қалалық мәслихатының шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Қаражал қалалық мәслихатының 2020 жылғы 4 маусымдағы № 400 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 10 маусымда № 5871 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы шешімнің қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" заңына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" заңына сәйкес, Қаражал қалалық мәслихаты ШЕШIМ ЕТТI:

      1. Қаражал қалалық мәслихатының 2018 жылғы 5 сәуірдегі XXІІ сессиясының № 204 "Қаражал қаласында барлық салық төлеушілер үшін тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелерін белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 4728 нөмірімен тіркелген, 2018 жылғы 5 мамырда № 16 (901) "Қазыналы өңір" газетінде, 2018 жылғы 11 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

      Сессия төрағасы, қалалық мәслихаттың хатшысы З. Оспанова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады