Шахтинск қаласының аумағында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар және пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары туралы

Жаңартылған

Қарағанды облысы Шахтинск қалалық мәслихатының 2020 жылғы 20 шілдедегі № 1742/40 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 24 шілдеде № 5966 болып тіркелді.

      Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 25 мамырдағы "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" Заңының 8-бабына сәйкес, қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін оларды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормаларын, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес айқындалсын.

      2. Пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес айқындалсын.

      3. Шахтинск қалалық мәслихатының 2016 жылғы 28 қыркүйектегі № 1341/7 "Шахтинск аймағының аумағында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы" шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3989 болып тіркелген, 2016 жылғы 25 қазанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде, 2016 жылғы 21 қазандағы "Шахтинский вестник" газетінің №42 санында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы М. Кадырова
      Шахтинск қалалық мәслихатының хатшысы Ж. Мамерханова

  Шахтинск қалалық
  мәслихатының
  2020 жылғы 20 шілдесі
  № 1742/40
  Шешімге 1 қосымша

Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар, пайдалану тәртібі және олардың шекті толу нормалары, арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар

      1. Шахтинск қаласында бейбіт жиналыстар ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар мен олардың шекті толу нормалары төмендегідей айқындалсын:

      1) Шахтинск қаласы - Парковая, Торговая көшелері және Абай Құнанбаев даңғылының қиылысы. Шекті толу нормасы-1000 адам;

      2) Шахтинск қаласы - "Техника в быту" сауда үйінің артындағы алаң (қалалық саябақтың аумағы). Шекті толу нормасы -500 адам;

      3) Долинка кенті - Долинка кентінің Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу мұражайы ғимаратының алдындағы алаң, Школьная көшесі 39 үй. Шекті толу нормасы -200 адам;

      4) Новодолинский кенті - "Новодолинский кентінің мәдениет сарайы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының алдындағы алаң, Школьная көшесі, 3 үй. Шекті толу нормасы - 200 адам;

      5) Шахан кенті - 11/17 кварталының аумағындағы алаң, 20-21 үйлер. Шекті толу нормасы - 700 адам.

      Ымырт жағдайында бейбіт жиналыстар өткізуге арналған арнайы орындар жарықпен қамтамасыз етілуге тиіс.

      Шахтинск қаласында шерулер мен демонстрациялардың маршруттары:

      Қазақстан және Бирюзова көшелерінің қиылысынан Бирюзова көшесі мен Абай Құнанбаев даңғылының қиылысына дейін.

      2. Ұйымдастырушы мен оның қатысушылары бейбіт жиналыстар өткізуге арналған арнайы орындарды мынадай тәртіппен пайдаланылады:

      1) хабарламада көрсетілген уақыт бойы жиналыс үшін арнайы орын аумағында болады;

      2) ғимараттардың, құрылыстардың, шағын сәулет нысандарының, жасыл екпелердің, сондай-ақ өзге де мүліктің сақталуын қамтамасыз етеді;

      3) қауіпсіздік техникасының санитарлық нормалары мен ережелерін, қоғамдық тәртіпті сақтау жөніндегі Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтайды.

  Шахтинск қалалық
  мәслихатының
2020 жылғы 20 шілдесі
№ 1742/40
Шешімге 2 қосымша

Пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – Қарағанды облысы Шахтинск қалалық мәслихатының 27.03.2024 № 322/9 шешімімен (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Шахтинск қаласының келесі объектілерінің іргелес аумақтарынан кемінде 800 метр қашықтықта пикеттеуді өткізу шекаралары:

      1) жаппай жерлеу орындары;

      2) теміржол, су, әуе және автомобиль көлігі объектілерінде және оларға іргелес жатқан аумақтары;

      3) мемлекеттің қорғаныс қабілетін, қауіпсіздігін және халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдарға іргелес жатқан аумақтары;

      4) қауіпті өндірістік объектілерге және пайдалануы арнайы қауіпсіздік техникасы қағидаларын сақтауды талап ететін өзге де объектілерге іргелес жатқан аумақтары;

      5) магистральдық теміржол желілер, магистральдық құбыржолдар, ұлттық электр желілері, магистральдық байланыс желілері және оларға іргелес жатқан аумақтары.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады