Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Көксу ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы ШЕШТІ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес, "Қазақмыс корпорациясы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін алып қоймастан екі жыл мерзіміне Қарағанды облысы Абай ауданы Көксу ауылдық округінің, Көксу ауылы, Южное ауылы, Зеленые ключи ауылы аумағында орналасқан жалпы алаңы 375,8282 гектар жер учаскелеріне қауымдық сервитут белгіленсін.
2. "Қазақмыс корпорациясы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қажет:
1) жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушыларға келтірілген залалды толық көлемде өтеу үшін, шығындар мөлшері және оларды өтеу тәртібі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес (келісім бойынша) тараптардың келісімі бойынша айқындау;
2) жер учаскесін пайдалану кезінде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауға міндетті.
3. Осы шешімнің орындалуын өзіме қадағалаймын.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Көксу ауылдық округі әкімінің міндетін атқару | Т. Жашкеев |
2020 жылғы 8 маусымы № 3 шешіміне қосымша |
№ | Атауы | Қоғамдық сервитуттың жалпы ауданы, га | Соның ішінде ауыл шаруашылығы алқаптары |
Жайылым,га | |||
Барлық жер | 375,8282 | 375,8282 | |
Оның ішінде: | |||
Көксу ауылының жері | 7,3000 | 7,3000 | |
Южное ауылының жері | 210,0635 | 210,0635 | |
Зеленые ключи ауылының жері | 158,4647 | 158,4647 | |
БАРЛЫҒЫ | 375,8282 | 375,8282 |