Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4 тармақшасының, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабының 2 тармағының негізінде және тұрғындардың пікірлерін ескере отырып , Курмин ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Қарағанды облысы, Абай ауданы, Курмин ауылдық округі, Құрма ауылындағы көшелер келесідей:
1) Дружбы көшесін Достық көшесіне;
2) Спасская көшесін Сарыарқа көшесіне;
3) Лиманная көшесін Бірлік көшесіне;
4) Мира, Мирная көшелерін біріктіріп Бейбітшілік көшесіне;
5) Қазақстанның 50 жылдығы атындағы көшесін Абай көшесіне;.
6) Асфальтная көшесін Керуен көшесіне;
7) Молодежная көшесін Жастар көшесіне қайта аталсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Курмин ауылдық округінің әкімі: | Садвакасов А.Д. |